АВТОБИОГРАФИЯ Мен, Шуланбекова Гүлмира Құралбекқызы, 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданында дүниеге келдім. Білімі жоғары. 1996 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірдім. 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтадым. Сонымен қатар «7М04201 – Құқықтану» мамандығы бойынша Ш.Мұртазы атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ғылыми-педагогикалық білім беру бағдарламасын тәмамдадым. Еңбек жолымды 2000 жылы Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери сотында бас маман қызметінен бастадым. 2000–2003 жылдары осы лауазымда жұмыс істедім. 2003–2006 жылдары табиғат ресурстары және экологиялық құқық кафедрасында аға зертханашы қызметін атқардым. 2006 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың қыркүйегіне дейін экологиялық және аграрлық құқық кафедрасында оқытушы, 2009 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың қыркүйегіне дейін осы кафедрада аға оқытушы болып жұмыс істедім. 2011–2014 жылдары кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасы меңгерушісінің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеймін. Ғылыми қызмет барысында 30-тан астам ғылыми мақала жарияладым. Халықаралық және республикалық конференцияларға белсенді түрде қатысамын. Студенттермен жұмыс тәжірибем мол. Отбасылық жағдайым – екі балам бар. Жұмыс барысында өзімді жауапты, тәртіпті және талапшыл педагог ретінде көрсете білдім. Кафедраның оқу және қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысамын, әріптестер мен студенттер арасында құрметке иемін.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1996 |
4
құжаттар
2