Ақылбай Арыстанбек Асқарұлы 1994 жылы 28 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Шымкент қаласының №40 гимназия-мектебін "Алтын белгі"-ге бітіріп, Ұлттық біріңғай тестілеуден 119 балл жинап, Қазақ ұлттық университетіне Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасына оқуға түсті. Шығыстану факультетін 2016 жылы "Шығыстанушы-қытайтанушы" ретінде қызыл дипломға бітірді. Сол жылы Қытай Халық Республикасындағы Шанхай шет тілдер университетіне оқуға түсті. 2018 жылы Шаңхай шет тілдер университетін "Аймақтану" мамандығымен ағылшын тілінде диссертациясын қорғады. 2018-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасында сарапшы ретінде қызметте болды. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде тәрбие ісі жөнінде аға-эдвайзер ретінде қызмет жасап, сонымен қатар қытайтану кафедрасында оқытушы қызметінде жұмыс жасайды. Оқытатын пәндер спецификасы - Геосаясат, дүние жүзі тарихы, Қытай тарихы және саясаты, халықаралық қатынастар. Әскері шені бар. Запастағы лейтенант
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2016 |
0
құжаттар
0