Рахымбай Забира Сапарқызы – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Картография және геоинформатика» кафедрасының аға оқытушысы. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің «Геодезия және картография» мамандығы бойынша бакалавриат бөліміне оқуға түсті. 2013 жылы оқуын үздік бітіріп, «Техника және технология бакалавры» біліктілігін алды. 2013 жылдан 2015 жылға дейін география және табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасында магистратурада оқып, «Қала навигациясы: OSM негізіндегі туристік карталар мен қолданбалар» диссертациясын сәтті қорғады. 2014 жылы З. Рахымбай Эрасмус Мундус жобасының gSmart бағдарламасы бойынша «Қолданбалы геоинформатика» халықаралық магистратура бағдарламасына Зальцбург университетіне оқуға түсті. 2016 жылы Забира Рахымбай аталған магистратураны сәтті аяқтап, «Ғылым магистрі (MSc)» біліктілігін алды. Рахымбай Забира кафедра мен университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсене араласып, ғылыми семинарларда баяндамалар жасап, түрлі ғылыми жарыстарға қатысты. 2014 жылы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында үздік баяндамасы үшін 2-орынға ие болды. 2014 жылы Рахымбай З. ғарыштық технологиялар бойынша Бейжіңде (Қытай) өткен оқу семинарына қатысты. 2014-2015 жылдары Забира Цифрлық Жер халықаралық қоғамының (ISDE) мүшесі болды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2013
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0