Басты бет / География және табиғатты пайдалану / Картография және геоинформатика / Абитбаева Айнагуль Дуйсеновна

Абитбаева Айнагуль Дуйсеновна

картография және геоинформатика кафедрасы
Scopus author ID: 56242192500
Жасырылған
       Абитбаева Айнагүл Дүйсенқызы, 1982 жылы туған, қазақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география факультетінің «Геоморфология және картография» кафедрасын 2003 жылы бакалавр, 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетін география мамандығы бойынша магистратураны бітірген. Абитбаева А.Д. емтихандарды сәтті тапсырып, 2005-2007 ж.ж. География институтының күндізгі аспирантурасын бітіріп, 2010 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, 2011 жылы 30 маусымда № 0007233 география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Абитбаева Айнагуль Дуйсеновна "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ геотуризм және геоморфология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. Ғылыми ұйымдағы жұмыс тәжірибесі: 21 жыл. Негізгі қызмет саласы жетекші ғылыми қызметкер Абитбаева А.Д. картографиялық және қашықтықтан барлаудың геоақпараттық әдістерін пайдалана отырып, Қазақстандағы шөлейттену процестерінің пайда болуы мен дамуының табиғи және антропогендік факторларын, қауіпті геодинамикалық процестерді, оның ішінде абразивтік процестерді зерттеу болып табылады. Абитбаева Айнагуль Дуйсеновна (Абитбаева Айнагүл Дүйсенқызы) 40 там астам ғылыми еңбектері, оның ішінде уәкілеттік орган ұсынған басылымдарда 10, Scopus (Скопус) – дерек қорына кіретін ғылыми журналдарда – 9 жарияланды. Scopus Хирш Индексі – 3. Scopus – тағы Author ID- 56242192500. Абитбаева А.Д. географиялық зерттеудің дәстүрлі және заманауи әдістерін жетік меңгерген және үнемі өз біліктілігін арттыру жолында жұмыс істейтін геоморфология маманы. Абитбаева А.Д. 2018–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылған ғылыми жобаның ғылыми жетекшісі болды: «Қарқынды туристік-рекреациялық игеру аймағы болып табылатын Алакөл көлінің жағалау аймағындағы қолайсыз экзогеодинамикалық үдерістерді мониторингтік зерттеу». Аталған жобаның нәтижелері бойынша PhD докторлық диссертациясы сәтті қорғалды, сондай-ақ А.Г. Валеев, А.Д. Абитбаева, Е.Е. Халыков, Ю.Ф. Лый, М.М. Тоғыс авторлығымен бірлескен ғылыми монография жарық көрді: «Алакөл көлі: жағалаулық туристік-рекреациялық аймақ рельефінің қалыптасу ерекшеліктері»,ISBN 978-601-08-5388-1.А.Д. Абитбаева Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Алғыс хатымен» және «Құрмет грамотасымен» марапатталды (2024, 2025 жж.).Сондай-ақ, авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар жөніндегі мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу куәлікке ие.№ 62505, 29.09.2025
Файл атауы Тақырыбы Сипаттамасы
Геодеректерді статистикалық талдау

1

Абитбаева Айнагуль Дуйсеновна АЛАКӨЛ КӨЛІНІҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ƏЛЕУЕТІ 2019 - г. 9 - стр. 0