ӘЛІПБЕКИ Оңғарбек Әліпбекұлы Жамбыл облысының 1951 жылғы тумасы (Меркі ауданы, Қазақстан ауылы). Ол 1958-1967 жылдары Шу ауданының мектептерінде оқып, 1972 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтынан «Ғалым агроном: агрохимия-топырақтану мамандығын» алып шықты. Институт қабырғасында жүріп ол екі дұркін студенттер арасындағы КСРО Бүкілодақтық фестивальдардың лаураеты атанып әрі жеңіл атлетикадан спорт шебері нормативін орындады. Ол еңбек жолын 1972 ж. Қордай ауданының Гвардейский қалашығында орналасқан «КСРО Бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтында» бастап, сол мекемеде 1992 жылға дейін лаборант, аға лаборант, кіші және аға ғылым қызметтерін атқарып, 1984 жылы радиоэкология мамандығы бойынша Биология ғылымдары кандидаты дәрежесіне ие болды. Кеңес өкіметі тараған соң, 1992-1998 жылдары О.Ә.ӘЛІПБЕКИ заңды тұлға ашып Жамбыл облысында өзінің ғылыми жетістіктерін коммерцияландырумен ұтымды айналысты. Ол 1998 жылдан 2003 жылға дейін Қазақ өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институтында (Алматы облысы, Қарасай ауданы, Рахат ауылы) жұмыста болды (аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі және бөлім меңгерушісі). Ол 2003-2010 жж. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде (Алматы қаласы) қызмет атқара жүріп (доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, ақпараттық технологиялар орталығының директоры) биология ғылымдарының докторы дәрежесіне (2006) және биология профессоры атағына (2008) ие болды. Профессор О.Ә.ӘЛІПБЕКИ 2008 жылы «Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының үздігі» болып танылды. Ал 2010 жылы ол «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританияның Кембридж университетінде «Ғарыштық мониторинг және фотограмметрия» мамандығы бойынша тағлымдамадан өтіп «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамына (Астана қаласы) қызметке шақырылып 2016 жылға дейін сол мекемеде ғарыштық технологияларын жасау бағдарламасы жетекшісінің орынбасары қызметін атқарып «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш орталығының бірінші кезегін» іске асыруға және екі бірдей Жерді қашықтан зондтау аппараттарын эксплуатацияға енгізуге ауқымды үлес қосты. Ол Қазақстан Республикасының ғарыш саласында бұрын соңды болмаған алғашқы ұлттық кадрлар мектебін ұйымдастырып әрі ондаған заманауи бизнес жобалар орындап шықты. Солардың бірегейі «Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы». Ол 2016-2023 жылдары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде (Астана қаласы) профессор міндетін атқарып


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қазақ қызыл ту орденді
Жоғары
1972

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
21.04.2006

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
профессор
31.10.2008
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

13

Цитирования
82 по 70

құжаттар

h-индексі

5