Басты бет / Филология / Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы / Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы

Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы

Лауазымы: аға оқытушы
қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
Scopus author ID: 57193271097
gulmira.saulembek@gmail.com
       Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы 1980 ж. ОҚО, Ордабасы ауданында дүниеге келген. 1997-2001 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавриатты тәмамдады. 2001-2003 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Филология» мамандығы бойынша магистратурасында оқып, «филология магистрі» біліктілігі мен академиялық дәрежесін алды. 2003-2005 жж. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2005-2008 жж.а Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аспирантурасында оқыды. 2011-2014 жж. Орталық Азия университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2014-17 жж. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша (PhD) докторантураға түсіп, «Қазіргі прозадағы постмодернизм» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғап, 2018 жылы PhD докторы дәрежесін алды. 2015 жылдан осы уақытқа дейін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет атқаруда. Сәулембек Гүлмира – «Мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығындағы өнердің рөлі», «Қазіргі жаһандану дәуіріндегі «Рухани жаңғыру» концепті: Ұлттық кодтың көркемдік және әдебиеттанулық негіздері», «Қазіргі әдеби процестің даму тенденциялары» ұжымдық монографияларының серіктес авторы, «Қазақ прозасындағы мистика» атты жобаның жетекшісі әрі редакторы, 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы.

1

Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы ПОСТМОДЕРНИСТІК ИРОНИЯ: МӘТІНДІ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ, НОНСЕЛЕКЦИЯ ҚАҒИДАТЫ 2018 - г. 12 - стр. 0

2

Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы Ж. ҚОРҒАСБЕКТІҢ «ӨЛМЕЙТІН ҚҰСТАР», «ЖАКОНДАНЫҢ ЖАНАРЫ», Т.ӘСЕМҚҰЛОВ «БЕКТОРЫНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ» ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ СИМУЛЯКРДІҢ КӨРІНІСІ 2019 - г. 4 - стр. 77

3

Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы МЕРЕЙ ҚОСЫН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ИНТЕРТЕКСТ 2020 - г. 9 - стр. 115

4

Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы Ұлттық поэзиядағы «Мәңгілік ел» архетипі 2019 - г. 5 - стр. 69

5

Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы ТОЛҒАУ ЖАНРЫНЫҢ ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАУЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ 2020 - г. 9 - стр. 82

6

Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы ТОЛҒАУ ЖАНРЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ ПЕН ӨЗГЕРІСТЕР 2020 - г. 7 - стр. 6

1

Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы Постмодернизм: үлкен идеяларға, иерархияға жасалған ирония 2018 - г. 8 - стр. Институт литературы и исскуства им. М.О.Ауэзова
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0