Сейітжанов Зұфар Нұрсапаұлы, филология ғылымдарының докторы, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры. ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Зұфар Сейітжановтың 200-ден астам әдеби-ғылыми мақалалары мен 4 авторлық куәліктің авторы. Бірнеше ұжымдық монографиялар: «Қазақ фольклористикасының тарихы» (1988), «Фольклор шындығы» (1990). «Қазақ фольклорының тарихилығы» (2001), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (2004) авторларының бірі. Сонымен бірге бірнеше монографиялары мен оқу құралдары жарық көрген: «Тарихи эпос» (1994), «Шыңжаң қазақ әдебиеті» (1999), «Эпостағы өмір өрнектері» (2004), «Казахский исторический эпос» (2005), «Риторика» (2006), «Көне эпос» (2008), «Қазақ халық әдебиеті» (2013). Жыл сайын өтетін «Әуезов және әлем әдебиеті», «Қабдолов және әдебиеттанудың өзекті мәселелері» және басқа конференцияларды ұйымдастыруға қатысады. Бірнеше жыр кітаптары: «Рауан» (1978), «Таңшолпан» (1988), «Қос қанат» (2011), «Езулік» (2013) шыққан. Зерттеу нысаны қытайдағы қазақ әдебиетінің туып, даму жолдары, тарихи жыр, ғұрып фольклоры, айтыс өнері, ақын Ақыт Үлімжанұлының шығармашылығы болып табылады. Зұфар Сейітжановтың «Қытай қазақтары әдебиетінің туып, даму жолдары» және «Ақыт ақын» атты зерттеулерінде негізінен шыңжаң қазақтары әдебиетінің қалыптасу, даму барысы сол кездің (XX ғасырдың алғашқы жартысындағы) тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайларымен байланыстырыла сараланып, аймақ әдебиетінің негізгі сарыны айқындалады. Сол замандағы қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайы, бөлінген жер мен ел тағдырының ақын шығармаларындағы көріністері қарастырылады. Озық ел болуға үндеген өлең-толғаулары және дастандары талданады. Сонымен бірге аталған мерзімдегі қытайда болған саяси әлеуметтік шаралардың, Қытай (Ханзу) әдебиетінің он¬да¬ғы қазақ әдебиетіне тигізген ықпал, әсеріне ғылыми тұрғы дан пайымдау жасалады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1965

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
29.11.2001

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
20.09.1995
профессор
26.02.2004
Сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізігені үшін Ш.Уәлиханов ат. Бірінші сыйлықтың лауреаты 01.01.1991
Қызығушылығы