Даутова Гүлназ Рахымқызы, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доцент м.а., PhD. Г.Даутованың 40 қа жуық ғылыми басылымы бар, соңғы 5 жылда 9 (Алматы, Астана, Бишкек, Шеффилд, Анкара, УФА) әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар мен форумдарға қатысқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің нұсқауындағы филологиялық басылымдарда - 13, Scopus мәліметтер базасына кіретін шетелдік басылымдарда -2 (индекс Хирша -2, Google Scholar -1), ұжымдық хрестоматия -1, Әдістемелік нұсқаулық – 1, ұжымдық монография – 1 еңбектері жарыққа шықты. 2014 жылы магистратураны бітіріп, сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлескен PhD докторантура бағдарламасы бойынша «6D021400- Әдебиеттану» мамандығына оқуға қабылданады. Докторантураны 2017 жылы аяқтап, фольклортану бағыты бойынша «Түркі эпосындағы қорғаушы батыр бейнесі (генезис және типология)» атты диссертациясын сәтті қорғап, PhD доктор дәрежесіне қол жеткізді. Гүлназ Даутова 2018-2019 оқу жылы Түркияның Анкара Хаджы Байрам Вели университетіде докторлықтан кейінгі постдокторантура бағдарламасы аясында түркі халықтар фольклоры бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын ары қарай жалғастырып, постдокторантура сертификатын алды. 2020 жылы Қазақстан Республикасының дарынды жас ғалымдарға арналған шәкіртақы иегері. Г.Даутова Испанияның Гранада университетінде, Түркияның Гази, Анталия білім университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Г.Даутова 2015-2017 жж аралығында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Жалпытүркілік мәдени дәстүрлер аспектісіндегі қазақ өнері» атты гранттық ғылыми жобасы, 2018-2020жж «Дәстүрлі ұлттық тәрбие (ұлттық код) және рухани жаңғыру (қазақ фольклоры мен әдебиеті материалдары негізінде)» атты гранттық ғылыми жобасы аясында жұмыс атқарды. Зерттеу нысаны – түркі және моңғол халқының эпостарындағы кейіпкерлер жүйесінің типологиясы, постфольклор, интернет фольклор, ғұрыптық фольклор. Зерттеу нысанының өзектілігі фольклор теориясының көкейтесті мәселелерінің бірі – эпикалық қаһарман образын қазіргі заман талабына сай, кешенді, жүйелі түрде, кең салыстырмалы, тарихи-типологиялық тұрғыдан қарастырады. Г.Даутова эпикалық қаһарманның бейнесі мифтік әңгімелердегі тотемдік ілкі баба\мәдени қаһарман образынан бастау алатындығы туралы концепцияны басшылыққа алады. Түркі эпосындағы батыр функциясын көне мифологиядағы мәдени қаһармандардың іс-әрекетімен салыстыра талдайды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2009

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
03.05.2018