Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетін бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты, «Лингвистика» мамандығы бойынша доцент. Университетте жалпы тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы ретінде жұмысын бастап, аталған кафедрасының доценті, жалпыуниверситеттік 1-ші гуманитарлық шетел тілдері кафедрасының, гуманитарлық факультеттерге арналған шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі жұмыстарын, қазіргі кезде шетел тілдері кафедрасының доценті ретінде жұмыс атқарады. АҚШ Индиана университетіндегі Орта Азия тілдері департаментінде жұмыс атқарып, америкалық студенттерге қазақ тілі мен мәдениеті бойынша дәріс оқып, практикалық сабақтар өткізген. “Ашық қоғам” фондының қолдауымен басталған www.sozdik.kz проектінде жетекші лингвист ретінде жұмыс атқарған. Америка Кеңесшілігінің Халықаралық Білім Беру саласындағы университет оқытушыларына арналған гранты арқылы Пенсильвания штатының университетінде кәсіби біліктілігін көтерген. “Болашақ” халықаралық бағдарламаның тағылымдамасы грантына ие болып, Қазақстан балаларының қостілділігі бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде ғылыми зерттеу жүргізген. Ғылыми жетекші ретінде Жоғары аттестациялық комиссиясының дипломдарына ие болған бірнеше магистрлік жұмыстарды, екі кандидаттық диссертацияны табысты қорғатып шығарған. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде жарияланған көптеген ғылыми және имидж мақалалардың авторы. Дүниежүзілік деңгейде ағылшын тілін шетел тілі ретінде басқа тілдерде сөйлеушілерді оқытуға мүмкіншілік беретін Кембридждің CELTA сертификатына ие. Білім беру тестілеу қызметі халықаралық ағылшын тілінен ETS сертификатына ие болып, ҚазҰУ TOEFL орталығында TOEFL емтиханын қабылдайды. Республика және университет деңгейлерінде ағылшын тілінен өткізілетін олимпиадаларының қазылар алқасында жұмыс атқарады. Бірнеше Халықаралық кәсіби лингвистика саласы ұйымдарының (Басқа тілдерде сөйлейтіндерге ағылшын тілінің оқытушылары халықаралық қауымдастығы, Когнитивтік ғылымдардағы әйелдер, Жапон тілі ғылымдары қоғамы, т.б.) заңды мүшесі болып табылады. «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
ҚазХҚӘтУ |
2 -ші жоғары |
2005 |
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1986 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
21.02.1992 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
27.09.1996 |
0
құжаттар
0