Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы. Жалпы еңбек өтілі – 11 жыл, жоғары оқу орнындағы оның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі ғылыми-педагогикалық өтілі – 10 жыл: 2012-2013 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында оқытушы, 2014-2020 жылдары жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында аға оқытушы, 2021жылдан осы уақытқа дейін түркітану және тіл теориясы кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. А.Т. Әлиакбарова кафедрада оқытушылық қызметімен қатар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты. Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы 1987 жылы 5 қарашада дүниеге келді, ұлты қазақ. Білімі: 2005-2009 жж. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілдері факультетіне түсіп, «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бакалаврды үздік дипломмен бітіріп шықты. 2009-2011 жж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы кафедрасында магистратура бөлімінде оқып, «Шетел филологиясы» мамандығын үздік дипломмен аяқтап, гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды. 2016-2019 жж. А.Т. Әлиакбарова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында «Лингвистика» мамандығы бойынша PhD докторантура бөлімінде оқып, үздік дипломмен бітірді. 2020 жылы 18 қарашада аталған мамандық бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін ф.ғ.д., профессор Г.Б. Мадиеваның жетекшілігімен «Жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайдағы заманауи қазақ антропонимиясы: трансмиссия, трансформация» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Әлиакбарова Айгерім 01.10.2017 және 30.11.2017 аралығында Вена экономика және бизнес университетінде (Вена, Австрия); сондай-ақ, 01.10.2018 – 31.10.2018 аралығында Америка құрама штаттарында Вашингтон қаласында Біріккен ұлттық тілдер комитетінде (The Joint National Committee for Languages and the National Council for Languages and International Studies (JNCL-NCLIS)) ғылыми тағылымдамада болып қайтты. А.Т. Әлиакбарова «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы – 2022» байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

пед.институт
Жоғары
2009

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
01.09.2021
Қызығушылығы

1

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

Қазақ тілді студенттерге ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту 2013 - г. 6 - стр. 0
2

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

Лексикалық интерференция және оны меңгеру жолдары 2012 - г. 7 - стр. 1
3

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

Утемгалиева Н.А., Рскелдиева Д.Б. The role of nonverbal means of communication in teaching english 2016 - г. 4 - стр. 0
4

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

Рскелдиева Д.Б., Бекишева Р.М. ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМИЯСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 2017 - г. 6 - стр. 0
5

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

Мадиева Г.Б. ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМИЯСЫНДАҒЫ ТІЛДІК ТРАНСМИССИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ 2017 - г. 6 - стр. 0
6

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

Мадиева Г.Б. Қазақ антропонимисының дамуы 2016 - г. 5 - стр. 0
7

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

Мадиева Д.Б., Мадиева Г.Б. 2016 - г. 6 - стр. 114
8

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

Мадиева Г.Б. Қазақ антропонимиясының дамуы 2016 - г. 5 - стр. 114
9

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

Мадиева Г.Б. Қазақ антропонимиясындағы сахналық аттардың лингвистикалық ерекшеліктеріне шолу 2018 - г. 5 - стр. 0
10

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

Мадиева Г.Б. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ КІСІ ЕСІМДЕРІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 2018 - г. 6 - стр. 171
11

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

2020 - г. 8 - стр. 1
12

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

2020 - г. 11 - стр. 17
13

Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы

Кәсіби мақсатта шет тілін оқыту: қазақстандық оқытушылар мен әдіскерлердің тәжірибесіне шолу 2023 - г. 11 - стр. 74