Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы 1958 ж. 21 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша Абай ат. ҚазПИ филология факультетін бітірген (1979). Институтты бітіргеннен кейін Алматы облысы Нарынқол ауданы Шалкөде СПТУ-119-да жұмыс істеді (1979-1982). 1987-1990 жж. аралығында С.М. Киров ат. ҚазМУ-дың аспирантурасында оқыған (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша "Шығыс Қазақстан гидронимиясы" атты кандидаттық диссертациясын қорғады (1990);әл-Фараби ат. ҚазҰУ докторантурасын оқып шықты (2002-2005). 2005 ж. 19 желтоқсанда 10.02.19- тіл теориясы мамандығы бойынша "Қазіргі Қазақстан ономастикалық кеңістігі: құрылымы, семантикасы, прецеденттілік, лемматизация" тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.д., профессор Аманжолов А.С. Аспирантураны бітіргеннен кейін ҚР ҰҒА А. Байтұрсынов Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, содан кейін аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді (1991-1995). 1996 жылдан бастап жалпы тіл білімі кафедрасында аға оқытушы, 1997 – доцент, 2007 – профессор лауазымдары бойынша жұмыс істейді. 2009 жылдан бастап – 2021 жылға дейін жалпы тіл білімі және шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі болып істеген. 2021 жылдан түркология және тіл теориясы кафедрасында профессор лауазымын атқаруда (жалпы тіл білімі және шетел тілдері кафедрасы). Ғылыми қызығушылығы: ономастика теориясы, жалпы тіл білімінің мәселелері, лексикография мәселелері. Г.Б. Мәдиеваның ғылыми жетекшілігімен 1 филология ғылымдарының докторы, 8 филология ғылымдарының кандидаты, 6 PhD докторы қорғады. Г.Б. Мадиеваның 200-ге жуық ғылыми еңбектері жарық көрді. Оның ішінде 4 монография, 6 оқулық, 8 оқу әдістемелік құралдар, 10 жуық анықтамалық сөздіктер, Скопус базасына енген 11 мақаласы жарияланды. Мадиева Г.Б. бірқатар гранттардың иегері: Сорос-Қазақстан қорының (1998), ИНТАС, Түркия Сыртқы сауда комитеті (2007), Эрасмус Мундус (2013), Эрасмус +. 2008, "ЖОО үздік оқытушысы - 2008"," ЖОО үздік оқытушысы - 2014 " атағы берілді. Г.Б. Мәдиева С.Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің құрметті профессоры атағына ие болды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
ҚазПИ |
Жоғары |
1979 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
08.05.1991 |
|
Доктор |
28.06.2006 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
профессор |
29.02.2008 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Мемлекеттік грант "2008 жылғы "ЖОО үздік оқытушысы" | 18.02.2009 |
11
құжаттар
3