Мен, Калбирова Толқын Нышанбекқызы, 1970 жылы 7 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылында дүниеге келдім. 1979 жылы В.И. Ленин атындағы орта мектепке бардым, оны 1989 жылы үздік аяқтадым. 1989 жылдан бастап Алматы қаласындағы француз факультеті, шет тілдер педагогикалық институтына оқуға түстім, оны 1994 жылы бітіріп, жоғары білім алдым. Университетті бітіргеннен кейін 1994 жылы ҚазХҚ және ӘТУде жоғары педагогикалық курсқа (ЖПК) түсіп, 1995 жылы жоғары оқу орындарында француз тілінің оқытушысы мамандығы бойынша диплом алып шықтым. 1995 жылдан 2008 жылға дейін ҚазХҚ және ӘТУнің роман-герман тілдері аудармасының теориясы мен практикасы кафедрасында француз тілінің оқытушысы болып жұмыс атқардым. 2004-2006 жылдары Ташкентте (2004, 2005, 2006), Бішкекте (2005), Алматыда (2005) және Страсбургте (2005) өткен «Аударма техникасы» атты үш жылдық халықаралық жобасына қатыстым. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дегі шет тілдер кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істедім. 2005 жылдың желтоқсанында және 2010 жылдың шілдесінде Франция елінің Страсбург және Перпиньян қалаларында педагогикалық тәжрибеден өттім. Сертификаттар берілді. 2011 жылы «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсіп, 2013 жылы «Қазақ және француз тілдерінің мақал-мәтелдеріндегі гендерлік стереотиптер» тақырыбында магистрлік диссертация қорғадым. Педагогикалық білім магистрі дәрежесі берілді. 2017 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан-Түркия Халықаралық лицейінде директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істедім. 2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Лингвистика» мамандығы бойынша докторантураға түстім. Жыл сайын Франциядағы Қазақстан Елшілігімен, Алматы қаласындағы мұғалімдер қауымдастығы мен Француз Альянсымен ұйымдастырылған әртүрлі тренингтік семинарларға қатысу арқылы педагогикалық дағдыларымды жақсартамын және көптеген халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттарды иелендім. Студенттердің әртүрлі іс-шараларға, қалалық және республикалық деңгейдегі француз тіліндегі байқаулар мен жарыстарда белсенді қатысқаны үшін бірнеше рет дипломдармен марапатталдым. 2014 және 2015 жылдары Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-де кешенді тестілеу кезінде апелляциялық комиссияның мүшесі болдым. 2015 жылы Орал қаласының техникалых университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі ретінде кешенді тестілеуге қатыстым. Жалпы педагогикалық өтілім - 29 жыл.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Алматы шет тілдер пед.институты |
Жоғары |
1994 |
0
құжаттар
0