Өмірбаян Мен, Тыныбеков Сериккали, 24 сәуір 1961 жылы в Новая Казанка поселкасы, Джангалинский ауданы, Батыс-Қазақстан облысында туылдым. 1978 жылы Пристанциондық орта мектепті бітірдім. Мектепті бітірген соң (КИП және А) Александрово-Гайское ЛПУ п/о «Саратовтрансгаз» (1978-1979 жж.) мекемесінде бақылаушы-өлшеуші және автоматиканың құрылғы маманы болып жұмыс атқардым. 1979-1981 жж. Совет Армиясында қызметте болдым. 1981-1983 жж. СМУ «Университетстрой» трест «Алмаатакультбытстрой» мекемесінде электросварщик болып еңбектендім. 1983-1988 жж. – С.М. Киров атындағы ҚазМУ Заң факультетінің студенті. Оқу үздігі ретінде Абай атындағы шәкіртақының иегері болдым. Оқуды үздік бағаларға бітірген соң, жас маман ретінде ҚазМУ-дың заң факультеті қылмыстық процес кафедрасының ассистенті лауазымына тағайындалдым. 1990-1992 жж. Заң факультеті деканының орынбасары болдым. 1992-1994 жж. – Алматы қалалық әкімшілігі басшысының орынбасарының көмекшісі болдым. 1994-1996 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы. 1996 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін «Алдын ала тергеу сатысында күдікті мен айыпталушының қорғалуға деген құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбында диссертация қорғадым. 1996-1997 жж. ҚР Президент Әкімшілігінің Заңнама және сот жүйесі бөлімінің бас маманы. 1997 жылдан 2006 жыл аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті сот билігі және қылмыстық процесс кафедрасының доценті болдым. 2005 жылы заң ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін «ҚР құқықтық жүйесіндегі адвокатура институты» тақырыбында диссертация қорғадым. 2006 - 2011 жж. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті сот билігі және қылмыстық процесс кафедрасының профессоры. 11.02.2011 - 22.08.2011 жж. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті сот билігі және қылмыстық процесс кафедрасының жетекшісі. 22.08.2011 жылдан қазіргі кезге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының жетекшісі.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1988

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
07.02.1996
Доктор
22.12.2005

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
23.01.1998
профессор
25.09.2009
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Мемлекеттік грант " ЖОО үздік оқытушысы" 09.01.2013
"Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтойлық медалі 17.01.2006
"Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі 25.08.2005
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі 03.12.2001
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

13

Цитирования
25 по 25

құжаттар

h-индексі

3