Басты бет / География және табиғатты пайдалану / География, жерге орналастыру және кадастр / Рсымбетов Бекзат Амангельдиевич
Рсымбетов Бекзат Амангельдиевич
Рсымбетов Бекзат Амангелдіұлы 1984 жылғы 10 наурызда Түркістан облысы, Жетісай ауданы,
Сайлау ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің күндізгі бөліміне 4603 – «Қалалық кадастр»
мамандығы бойынша оқуға түсті. Университетті 2005 жылы тәмамдағаннан кейін «АлматыгорНПЦзем»
МКК-да жерге орналастыру бөлімінің маманы болып жұмысқа қабылданды.
2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетіне 050301 – «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға
түсіп, 2008 жылы үздік дипломмен бітірді.
2012 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 6М090300 – «Жерге орналастыру» мамандығы
бойынша магистратураға оқуға түсті.
2014 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 6D080800 – «Топырақтану және агрохимия»
мамандығы бойынша докторантурасына қабылданды.
2019 жылы «Қазақстанның шөлейт жайылымдарындағы антропогендік деградацияға ұшыраған құмды
топырақтарды қалпына келтірудегі фитомелиорациялық әдістің тиімділігі» тақырыбында философия
докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғады.
Еңбек жолы:
2005–2006 жж. — «АлматыгорНПЦзем» МКК Алмалы және Бостандық аудандары бойынша «Геодезия және
жерге орналастыру» бөлімінің геодезисі;
2006–2016 жж. — «АлматыгорНПЦзем» МКК Алмалы және Бостандық аудандары бойынша «Жерге
орналастыру және рекультивация» бөлімінің жетекші және бас маманы;
2016–2017 жж. — «Жер кадастры және жылжымайтын мүлік» бөлімінің Наурызбай ауданы бойынша
басшысының орынбасары, «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» департаменті;
2017–2018 жж. — «Жерге орналастыру және рекультивация» бөлімінің басшысының орынбасары, «Жер
кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» департаменті;
2018–2020 жж. — Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы» КЕАҚ филиалы Медеу ауданы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті
техникалық тексеру бөлімінің басшысының орынбасары;
2020–2021 жж. — Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы» КЕАҚ филиалының құжаттамалық қамтамасыз ету және талдау басқармасының басшысы;
2021 жылдан бастап — Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы» КЕАҚ филиалының жерге орналастыру, геодезиялық жұмыстар және жылжымайтын
мүлікті техникалық тексеру басқармасының сарапшы-жерге орналастырушысы.
2016–2022 жж. — Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Тұрақты егіншілік орталығында
қосымша қызмет атқарған жоғары білікті маман, кіші ғылыми қызметкер.
2023 жылдан бастап — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтты
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| Қазақ аграрлық университеті | Жоғары | 2006 |