Басты бет / География және табиғатты пайдалану / География, жерге орналастыру және кадастр / Омаров Айдос Нурланович

Омаров Айдос Нурланович

география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Scopus author ID: 59263130600
       Мен, Омаров Айдос, Қазақстан Республикасының азаматы.Алматы қаласының тұрғыны. 2007–2011 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде «Геодезия және картография» мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежесін алдым. 2013–2015 жылдары аталған университетте «География» мамандығы бойынша магистратурада оқып, география ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иелендім. 2011 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының География институтында «Ландшафттану және табиғатты пайдаланудың проблемалары» бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеймін. Ғылыми-зерттеу қызметім ауылшаруашылық ландшафттарын бағалау, табиғи ресурстар әлеуетін анықтау, топырақ, агроклиматтық және су ресурстарын кеңістіктік- уақыттық талдау мәселелеріне бағытталған. 2024-2027 жылдары аралығында университетте «География» мамандығы бойынша PhD докторантурасында оқимын. Ғылыми нәтижелерім халықаралық және отандық ғылыми журналдарда жарияланған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Түркістан өңіріндегі ауылшаруашылық ландшафттарының топырақ, агроклиматтық және су ресурстарын бағалауға арналған бірқатар мақалалардың авторы және бірлескен авторымын. 2026 жылы ауылшаруашылық ландшафттарының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалаудың теориялық-әдістемелік негіздеріне арналған ғылыми еңбегім препринт ретінде жарияланды. Ғылыми қызметімді әрі қарай дамытуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа және қолданбалы зерттеулерге белсенді түрде қатысып келемін.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Жоғары 2011
Академикалық дәреже