Мен, Мамытова Нұргүл Сабазбекқызы PhD, биотехнология кафедрасының аға оқытушы, биология және биотехнология факультеті, ҚазҰУ әл-Фараби. 05.08.1975 жылы Алматы облысында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биологиялық факультетін 1996 жылы бакалавр дәрежесімен, 1998 жылы магистр дәрежесімен бітіргенмін. 1998 жылдан 2018 жылға дейін М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында дәнді дақылдар биохимиясы зертханасында лаборант, ғылыми қызметкер және аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істедім. 2018-2019 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің биология кафедрасында аға оқытушы болып қызмет еттім. 2011 жылдан 2014 жылға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің докторантурасында оқыдым. 2015 жылғы сәуір айында 6D060700– Биология» мамандығы бойынша Фиолософия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілген (№581 бұйрық, 28.04.2015). Докторлық диссертация тақырыбы: «Жаздық бидай сұрыптарындағы дәннің сапасын қалыптастыруда α- амилазаның әртүрлі молекулалық формаларының ролі». 2013 жылы Ротемстед ғылыми-зерттеу орталығында PhD докторы Э.Л. Филлипстің жетекшілігімен ғылыми тағылымдама өттім (Харпенден, Ұлыбритания). М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтындағы дәнді дақылдар биохимиясы зертханасында жұмыс жасау кезінде бірнеше жобаларын іске асыруға қатыстым. 2015- 2017 жж ГҚ «Бидайдың егіске дейінгі өнгіштігіне төзімділігін реттеудегі α-амилаза ингибиторының рөлін зерттеу және ингибиторды анықтаудың иммунохимиялық тест әдісін жасау», 2015-2017 жж. БМҚ «Молекулалық және жасушалық биология әдістері негізінде бидай мен картоптың фузариум мен вироидтарға төзімділігін арттырудың ғылыми негіздерін жасау және солардың негізінде жеделдетілген сұрыптаудың бастапқы линиялары мен диагностикаларын құру», 2018-2019 жж. ГҚ «Патогенездегі хитин және β-глюканмен байланысатын ферменттерді зерттеу және оларды бидайдың фузариумға төзімділігін сынау кезінде қолдану» жобаларында орындаушы болып қызмет еттім. Зерттеу жұмысы барысында фитогормондар ГҚ, AБҚ және көмірсулар метаболиттерімен α-амилазаның синтезделуі мен бөлінуін реттеу туралы басым мәліметтер алынды. Қазақстан бидайының әр түрлі сорттары мен желілерінің изозимдік композицияларын зерттеу бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмысындағы тәжірибем бар. 70-ден астам ғылыми жарияланымдарым, оның ішінде Thomson Reuter және Scopus мәліметтер базасында Q1 және Q3 басылымдарым бар. Хирш индексі - 3.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
PhD докторы |
28.04.2015 |
9
құжаттар
3