1991 жылы Әл-Фараби ат. Ұлттық Университінің биология факультетін, 2000 ж. микробиология кафедрасының аспирантурасын тәмамдаған. 2001 жылы «03.00.07-Микробиология» мамандығы бойынша «Модифицирленген тасмалдаушыларға иммобилизденген клеткалары негізіндегі биокатализаторлардың қасиеттерін зерттеу» тақырыбында ҒЗИ «Микробиология және Вирусология» Диссертациялық Кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғады (Алматы). 1991-1995 жылдары микробиология кафедрысынаң кіші ғылыми қызметкері, 1995-қазіргі қазіргі уақытқа дейін - аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ»; «Экология мәселелері ҒЗИ», ЖШС «Микроорганизмдердің Республикалық коллекциясы» - ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері; жетекші ғылыми қызметкері. 2000 ж. – қазіргі ж. дейін әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің биология факультетінің кафедрасының окутышысы, аға окутышысы, доценті, профессор м.а. Хирш индексы 5, 100-ден аса ғылыми мақалалары, соның ішінде Web of Science индекстелетін жүйесінде CiteScore (СайтСкор) процентиль көрсеткіші 35% жоғары 6 мақала, сонымен қатар уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 22 мақала және соңғы 5 жылда 2 монография жариялынды: Ғылыми жетекші ретінде Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының 4 жүлдегерін – 1, 2 орын (3 бакалавр және 1 магистр) дайындады (2018 ж., 2023 ж.) және 1 PhD жұмысы қорғалды (2022 ж.). Қазіргі кезде Биология және биотехнология факультетінің Академиялық кенесіңің мүшесі, «8D05110-Вирусология» оқу бағдарламасының координатор міндетін атқарады. Ғылыми-педагогикалық өтілі - 30 жыл, ғылыми еңбек қызметі – 35 жыл.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1991 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
15.03.2001 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
21.02.2024 |
13
құжаттар
5