1963 ж. 5 сәуірде Сырдария облысының Пахта-Арал ауданында дүниеге келдім. 1981 ж. Жамбыл қаласындағы №30 орта мектепті бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетіне түсіп, оны 1986 ж. бітірдім. Жамбыл Гидромелиоративті және құрылыс институтының Ағынды сулар зертханасында аға зертханашы және кіші ғылыми қызметкер, содан кейін Клиникалық зертхана меңгерушісі, Қоршаған ортаны қорғау комитетінің аға маманы және Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы (Жамбыл қ.) болып жұмыс істедім. 1993 ж. бастап Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженерия институтында (ӨФГБИ) (казір- Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институты –(ӨББИ)) ғылыми тағылымдамадан өтуші болып жұмыс істедім. 1994 ж. аспирантураға түстім. 1997 ж. “03.00.12 – өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы “ мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғадым. ӨФГБИ институтында кіші және аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істедім, 5 ұлттық және 3 халықаралық жобаларға (IPP, INTAS, ISTC) қатыстым. 2007 ж. «Өсімдіктерге ауыр металдардың әсерінің физиологиялық және биохимиялық негіздері» (03.00.12 – Өсімдіктер физиологиясы және биохимия) тақырыбында докторлық диссертация қорғадым. 2007 ж. бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде доцент, ал 2011 жылдан бастап биотехнология кафедрасында профессор болып жұмыс істедім. “03.01.00 – Биология” мамандығы бойынша доцент және профессор атағына иемін. 34 жылдық ғылыми-оқытушылық тәжірибем бар. Кандидаттық және PhD диссертацияларына жетекшілік еттім және «Үздік университет жетекшісі-2016» сертификатына ие болды. Халықаралық IAEA жобаларына қатысты (RER5013, KAZ 5002, KAZ 5003, 2012–2015). Гранттық қаржылану жобалардың жетекшісі болдым (2012–2014, 2015– 2017, 2025-2027) басқардым. Оның ғылыми қызығушылықтарына ауыр металдардың әсерінің физиологиялық және биохимиялық механизмдері, фиторемедиация және өсімдіктердің тұздылыққа төзімділігі кіреді. 180-нен астам басылымның авторы, оның 22-сі Scopus-та, Web of Science базасына кіреді, 6 оқу құралы (3 -ағылшын тілде), 2 монография, 4 монография тарауы (Scopus; 2- Springer) және 4 инновациялық патент. Ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өттім және біліктілігін арттырдым: MASHAV (Израиль, 1998), Нью-Гэмпшир университеті (АҚШ, 2004), Силезия университеті (Польша, 2008), Тель-Авив университеті (2012), ETH Цюрих (2015), Левен университеті (2017), сондай-ақ Бельгия білім беру кеңесінде (Брюссель) онлайн курстар сертификаттарына ие болдым.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
С.М.Киров атынд.ҚазМУ |
Жоғары |
1986 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
14.07.1997 |
|
Доктор |
29.02.2008 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
профессор |
13.07.2011 |
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
| Қазақстан гүлденуіне қосқан айрықша үлесі үшін" ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы | 01.01.2017 |
22
құжаттар
7