Басты бет / Тарих / Археология, этнология және музеология / Сисикенова Гульнара Сансызбаевна

Сисикенова Гульнара Сансызбаевна

Лауазымы: оқытушы
археология, этнология және мұражайтану кафедрасы
Жасырылған
       Сисикенова Гүлнара Сансызбайқызы 2000 жылы Саратов облысында дүниеге келген. 2006–2013 жылдары Алматы қаласындағы №121 жалпы білім беретін мектепте, 2013–2017 жылдары Алматы қаласындағы №94 мектеп- гимназиясында білім алды. 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетіне «Археология және этнология» мамандығы бойынша білім беру грантымен оқуға түсті. Дипломдық жұмысының тақырыбы: «Шығыс Қазақстан материалдары бойынша ерте көшпелілердің дүниетанымындағы жануарлар культы». 2021 жылы бакалавриатты аяқтағаннан кейін «Ғылым ордасы» РМК Археология музейінде кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2022 жылдан бастап тарих факультетінің деканатында жетекші маман, сондай-ақ археология, этнология және музеология кафедрасында маман қызметтерін атқарды. 2023–2025 жылдары әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде «Археология» мамандығы бойынша магистратурада білім алды. Магистрлік диссертациясының тақырыбы: «Жетісу өңірінің ежелгі халқының жартас суреттеріндегі зооморфтық бейнелер (қола дәуірі)». 2025 жылдың ақпанынан қыркүйегіне дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақстан палеолит музейінде жетекші маман болып жұмыс істеді. 2025 жылы 24–29 наурыз аралығында Германияның Йена қаласында археозоология және археоботаника бойынша ғылыми семинардан өтті. 2025 жылы 4–10 тамызда Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен семинарға қатысты. 2025 жылы 8–18 қыркүйек аралығында Францияның Жонзак қаласындағы археологиялық мектептің қатысушысы болды. Ғылыми қызығушылықтары: Қазақстанның жартас өнері, қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің қоныстары. Ғылыми жобаларға қатысуы: BR18574057 «Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінің мәдени мұрасын кешенді (археологиялық және тарихи- этнографиялық) зерттеу (Шу-Іле аймағы, Тарбағатай және Алакөл ойысы)»; AP19576316 «Тарбағатайдың оңтүстік беткейлеріндегі ерте темір дәуірінің археологиялық кешендері: пәнаралық зерттеу».
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Жоғары 2021
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0