Алдибекова Алмагүл Рахатовна, PhD, 1983 жылдың 15 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінің экология кафедрасын үздік бітірді. 2006–2008 жылдары аталған университеттің жалпыуниверситеттік экология кафедрасында магистратураны үздік аяқтады. 2019–2022 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында докторантурада білім алып, 2024 жылы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады. А.Р.Алдибекова еліміз үшін өте маңызды сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін зерттеумен айналысады. Түркия ғалымдарымен (Анталья қаласындағы Акдениз университетінің профессоры Ахмет Аксой) бірге анатомиялық, морфологиялық және фитохимиялық зерттеулер жүргізеді. Осы зерттеулердің нәтижелері импакт-факторы бар жоғары рейтингті журналдардағы бірлескен ғылыми мақалаларда көрініс тапты.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2005 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
PhD докторы |
02.07.2024 |
0
құжаттар
0