Басты бет / Медицина және денсаулық сақтау / Ішкі медицин / Нургалиева Гульзада Кажигереевна
Нургалиева Гульзада Кажигереевна
Лауазымы: ассистент-профессор
Нұрғалиева Гүлзада Қажігереевна
Жоғары санатты кардиолог
Медицина ғылымдарының докторы, «Клиникалық пәндер» кафедрасының доценті
Дәрігерлік еңбек жолын 1978 жылдан бастады, Қарағанды қаласындағы №4 қалалық клиникалық
аурухананың №2 емханасында учаскелік терапевт-дәрігер болып жұмыс істеді. Практикалық
денсаулық сақтау саласында еңбек еткен жылдары бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталған.
1981–1983 жылдар аралығында ҚарММИ-де «Терапия» мамандығы бойынша екі жылдық клиникалық
ординатурадан өтті. 1983–1988 жылдары Қарағанды қаласындағы облыстық кардиологиялық
диспансерде ординатор-дәрігер болып жұмыс істеді.
1988 жылдың қараша айынан бастап конкурс арқылы кіші ғылыми қызметкер лауазымына қабылданды.
1991 жылдан бастап Кардиология институтының ИБЖ (ишемиялық жүрек ауруы) бөлімінің ғылыми
қызметкері, ал 1997 жылдан бастап жедел коронарлық жеткіліксіздік бөлімінің меңгерушісі
қызметін қатар атқарды.
2001 жылдан бастап конкурс нәтижесінде шұғыл кардиология және терапия бөлімінің меңгерушісі
қызметін атқарды. 1994 жылы кандидаттық, 2005 жылы докторлық диссертациясын қорғады.
120-дан астам ғылыми еңбектері жарияланған, олардың ішінде 2 монография және 12 әдістемелік
ұсыным бар. Еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында ұжым арасында зор беделге ие.
Ғылыми жұмыс өтілі – 1983 жылдан бастап, жалпы еңбек өтілі – 1978 жылдан бастап.
2001 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Жыл дәрігері» номинациясы бойынша құрмет
грамотасымен марапатталған. 2005 жылы докторлық диссертациясы ҚР Білім және ғылым
министрлігіне қарасты Білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестаттау комитеті
тарапынан жылдың үздік ғылыми жұмыстарының бірі ретінде танылды.
Бірінші жоғарғы білімі
Ғылыми дәрежесі
| Файл атауы | Тақырыбы | Сипаттамасы |
|---|---|---|
Кәсіби (оку) практикасы Ішкі аурулар семиотикасы |
|

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейіндегі ішкі аурулар |
|
1
Нургалиева Гульзада Кажигереевна
2020 - г.
17 - стр.
13
2
Нургалиева Гульзада КажигереевнаСадыкова А.Д.
Кеңейтілген кардиомиопатия мен Covid-19 арасындағы байланыс
2020 - г.
5 - стр.
0