Бейжанова Анара Турсыналықызы 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, экономика және құқық Институтының «Экономика және менеджмент» мамандығын бітірген. 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Коммерция» мамандығы бойынша магистратураны қызыл дипломмен аяқтады. 2003 жылдың 14 қыркүйегінен бастап 2005 жылдың 30 шілде аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратура бөлімінің жоғары категориялы маманы қызметін атқарды. 2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2005 жылдар аралығында ҚазҰУ «Экономика және бизнес» факультетіндегі маркетинг және коммерция кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2005 – 2011жж. аралығында «Маркетинг және коммерция» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2010 жылдың қаңтарында «Қазақстан Республикасындағы туризм саласында маркетингтің дамуы» тақырыбында жазылған 08.00.05 – экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Зерттеу негізінде Бейжанова А.Т. «Туристік маркетинг», «Қонақжайлылық индустриясының негіздері» таңдау курстарын жасап, оқу үрдісіне енгізді. Өткен оқу жылында «Маркетинг», «Логистика», «Брендинг», «Маркетин г-менеджмент», «Халықаралық маркетинг», «Қызмет маркетингі», «Сауда таңбаларын басқару» атты пәндер бойынша бакалавриат пен магистратурада дәріс берді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, экономика және бизнес факультетінде ұйымдастырылатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларына белсенді қатысады. Бейжанова А.Т. ҚР БжҒМ-нің гранты бойынша «Повышение конкурентоспособности реального сектора Казахстана на основе эффективного развития инновационных маркетингово-логистических технологий» тақырыбында фундаменталды ғылыми зерттеудің орындаушыларының бірі болды. Бейжанова А.Т. 2008-2009 оқу жылында «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік оқытушысы» номинациясының иегері болды. Дәріс пен практика сабақтарын жоғары деңгейде өткізеді. Студенттер мен әріптестер арасында абыройлы, олармен ара қатынасы жайлы, бірқалыпты.
Кожамкулова Ж.Т., Ахметова З.Б.
Көлік инфрақұрылымынын дамыту елдің экономикалық өсуінің аса маңызды факторларының бірі ретінде
" Қазақ университеті " 2014 - г. ISBN 978-601-04-0418-2 7 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Турлыбекова Н.М.
Брендинг
" Қазақ университеті " 2016 - г. 20 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Маркетингтің заманауи бағыттары
" Қазақ университеті " 2017 - г. 12 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Инновациялык маркетинг
Лаборатория ВШЭБ 2017 - г. 3 - стр. ҚАЗАҚСТАН
3
құжаттар
2