Баймуханбетова Эльмира Есенбекқызы 1968 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының инженерлік-экономикалық факультетін «Азық-түлік тауарлары өнеркәсібінің экономикасы және ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. 1990 жылдан 1994 жылға дейін Жуалы жүн өңдеу фабрикасының инженер-нормалаушы лауазымында жұмыс істеді. 1994 жылдан 2012 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Маркетинг» кафедрасының оқытушысы, 1999 жылдан бастап – аға оқытушысы болып жұмыс істеді. 2004 жылы Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық орталығының жоғары санатты маманы лауазымына ауыстырылды. 2005 жылдан 2009 жылға дейін - Мансап және маркетинг орталығының жоғары санатты маманы, 2009 жылдың 1 қыркүйегінен 2010 жылдың 1 наурызына дейін - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Мансап бөлімінің бастығы, 1.03.2010 жылдан 30.08.2012 жылға дейін – «Маркетинг» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1.09.2012ж. – 31.08.2013 ж. аралығ ында – Т. Рысқұлов ҚазЭУ «Маркетинг» кафедрасының доценті міндетін атқарды. 1.09.2013 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доцент міндетін атқаруда. 2009 жылы Тұран университетінде 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Диссертациялық зерттеу тақырыбы «Қазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру механизмін жетілдіру». Баймуханбетова Э.Е. қазақ және орыс тілдерінде Маркетинг, маркетингтік коммуникация, Логистика, өндірістік логистика, саланы логистикалық басқару, жаһандық логистика, қойма логистикасы, аймақтық логистика және т.б. пәндер бойынша дәріс және практикалық сабақтар жүргізеді, студенттер мен магистранттардың өзіндік жұмыстарын жүргізеді, дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларды басқарады, үнемі кураторлық жұмыстарды жүргізеді. Оқытушы қазақ тілінде 1 оқу құралын, практикалық, семинарлық сабақтар мен СӨЖ өткізуге арналған 20-дан астам әдістемелік нұсқауларды әзірледі. Баймуханбетова Э.Е. ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады. Ол халықтың өмір сүру деңгейі, халықтың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік саясат, маркетингтік зерттеулер, логистика, білім беру мәселелері бойынша 60-тан астам ғылыми мақалаларды жариялады. Жалпы университетте жұмыс істеген кезде жоғары жұмысқа қабілеттілік, ұқыптылық және орындаушылық, ақыл-ойдың аналитикалық сипаты, оқуға дайындық сияқты кәсіби қасиеттерді көрсетті.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Жамбыл жеңіл ж/е тамақ өнерк.техн.инст.
Жоғары
1990

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
22.06.2009
Қызығушылығы

4

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері 2013 - г. 9 - стр. 0
5

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

Ақыл-кеңес беру нарыгынын жарнама кызмет ерекшелегi 2015 - г. 6 - стр. 0
6

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

ҚАЗАҚСТАНДАҒ Ы ЖАРНАМАНЫҢ ИНТЕРНЕТТЕ ДАМУЫ 2015 - г. 4 - стр. 1
7

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫНДAҒЫ ҚОНAҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ҚAЗІРГІ ДAМУ ЖAҒДAЙЫ 2016 - г. 4 - стр. 2
8

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

Жарнамалық қызметті жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі 2016 - г. 4 - стр. 2
9

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

Тажиева С.К. Вопросы автомобилизации и зеленой логистики в Казахстане 2017 - г. 5 - стр. 1
10

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

Вопросы профессионального менеджмента в системе высшего образования 2017 - г. 3 - стр. 1
11

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

Сансызбаева Х.Н. Агроөнеркәсіп өнімдері нарығында маркетингті қолдану ерекшеліктері 2017 - г. 10 - стр. 1
12

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ 2018 - г. 7 - стр. 1
13

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

Зиядин С.Т. Assessment of Investment Attractiveness of Projects on the Basis of Environmental Factors 2019 - г. 16 - стр. 1
14

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

Зиядин С.Т. Assessment of Investment Attractiveness of Projects on the Basis of Environmental Factors 2019 - г. 16 - стр. 11
15

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

Ахметова З.Б., Тулебаева Н.Т. Заманауи жағдайда электрондық коммерция инфрақұрылымын дамыту 2020 - г. 7 - стр. 0
16

Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

Сандыкбаева У.Д. 2023 - г. 15 - стр. 1