Мен, Ускеленова Асель Талаповна, 08.08.1974 жылы Алматы қаласында (Алма-Ата) қызметкер отбасында дүниеге келгенмін. Ұлтым – қазақ. Білім беру траекториясы: 1981 жылдың қыркүйегінде Тараз (Жамбыл) қаласындағы №2 орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1991 жылдың мамыр айында аталған мектепті бітірдім; 1991–1996 жылдары Тараз (Жамбыл) қаласындағы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында 0714 – «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша білім алдым; 1998–2002 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтының аспирантурасында 08.00.01 – «Экономикалық теория» мамандығы бойынша оқыдым, 2004 жылы «Ұлттық экономикаға инвестиция тарту мәселелері: теория және практика» тақырыбында кандидаттық диссертациямды қорғадым, ғылыми жетекшім – академик Қошанов А.К.; 08.08.2010 жылы 08.00.01 және 08.00.05 мамандықтары бойынша «Циклдық даму және жаһандану жағдайындағы экономикалық өсу: теория, әдіснамалық тәсілдері, басқару тетіктері (ҚР мысалында)» тақырыбында докторлық диссертация қорғадым. 13.07.2011 ж. №5 хаттама негізінде экономикалық ғылымдар докторы ғылыми дәрежесі берілді. Ғылыми кеңесші – академик Мамыров Н.К. Кәсіби қызығушылық салалары: экономикалық өсудің қарқыны мен демократия деңгейінің мәселелері, білім экономикасы, «жаңа экономиканың» (экономиканың өңдеуші секторындағы кәсіпорындар) өсу нүктелерін қалыптастыру, Қазақстанның ауыл шаруашылық мамандануы, бизнесті және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері мен мүмкіндіктері.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Жамбыл жеңіл ж/е тамақ өнерк.техн.инст. |
Жоғары |
1995 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Доктор |
13.07.2011 |
11
құжаттар
4