Арғынбек Құнанбайұлы — тіл маманы. 1997 жылдың 20 қарашасында Моңғолияның Баян-Өлгей
аймағында дүниеге келген. 2004 жылы Талдықорған қаласы, Көксу ауданындағы М. Сеңгірбаев
атындағы мектепке 1-сыныпқа қабылданып, 2015 жылы Алматы облысы, Іле ауданындағы 20-мектепті
“Алтын белгіге” тәмамдаған. 2015-2019 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің филология факультетінде бакалавр, 2019-2021 жылдары магистратура бөлімін
үздік дипломмен аяқтайды. Профессор Б. Сағындықұлының жетекшілігімен “Силлабология ғылымының
теориясы мен практикасы” тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, 2021 жылдан Farabi
университетінің тіл-әдебиет мамандарын даярлайтын А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі
кафедрасында тіл тарихының архетиптік реконструкциясы мен орта ғасыр ескерткіштері тілінен,
қазақ грамматикасының функционалды-коммуникативтік сипаты, саяси дискурс, фонология
заңдылықтарына қатысты арнаулы курстар жүргізіп келеді.
Арғынбек Құнанбайұлы еліміздің бірнеше ЖОО-дағы кітапқұмар талапкерлерге талқы, жазуға
қызыққан ойлы оқырманға тіл мен сана, жазу әдебі, қазақы сөзсаптам жүйесіне қатысты түрлі
танымдық семинарлар өткізеді.
Электронды пошта: a.khunanbay@kbtu.kz