Касенова Гүлмира Есенқызы 1994 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Құрылыс саласындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша инженер-экономист біліктілігін алып бітірді. 1994 жылы жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін еңбек жолын «Пуск» ЖШС-де экономист қызметінен бастады. Педагогикалық қызметін 1998 жылғы 2 ақпанда бастады. 1998–2009 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Есеп, аудит және қаржы нарығының индикаторлары» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доценттің міндетін атқарушы болып қызмет атқарды. 2007 жылы 08.00.05 – Халық шаруашылығы экономикасы және оны басқару (салалар мен қызмет салалары бойынша) мамандығы бойынша «Дамып келе жатқан нарықтық жүйеде ипотеканы тиімді ұйымдастыру механизмінің әлеуметтік- экономикалық аспектілері (Қазақстан Республикасы материалдары негізінде)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2009–2016 жылдары Алматы менеджмент университетінің (ALMU) «Қаржы және аудит» кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2016–2018 жылдары Сәтбаев университетінде (Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті) «Бизнес және менеджмент» кафедрасында доценттің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасында қызмет атқарып келеді. Педагогикалық қызметі барысында Касенова Г.Е. 60-тан астам ғылыми еңбек жариялаған, оның ішінде 5 оқу құралы, 3 монография, Scopus халықаралық деректер базасында индекстелген 2 ғылыми мақала, E3S Web of Conferences (Proceedings) басылымында жарық көрген 3 ғылыми мақала, сондай-ақ КОКНВО ұсынған журналдарда жарияланған 10 мақала бар. 2003 жылдан бастап кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырып келеді, біліктілікті арттыруға арналған көптеген курстар мен тренингтерден өткен және шамамен 25 сертификатқа ие.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

ҚазМАҚАк
Жоғары
1994

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
01.09.2018
Қызығушылығы