Гульнар Қазыбекқызы Нургалиева 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (бұрынғы АХШИ), «Бухгалтерлік есеп және экономикалық кибернетика» факультетін. «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Жалпы жұмыс өтілі 32 жыл, оның ішінде 31 жыл оқытушылық өтілі бар. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасында доцент болып жұмыс істейді. 2002 жылы 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылғын басқару мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен оған доцент ғылыми атағы берілді, ал 2025 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен профессор ғылыми атағы берілді. Ол Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің дамуы бойынша шамамен 100 ғылыми мақала жариялады, оның ішінде бір монография және алты оқулық бар. Ол экономика, бухгалтерлік есеп және аудит салаларында зерттеулер жүргізеді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Қазақ мемл. Басқару Академиясы |
Жоғары |
1994 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
22.05.2002 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
доцент |
28.05.2007 |
профессор |
20.10.2025 |
7
құжаттар
2