Еңбек жолымды 2000 жылы жоғары білім беру саласында бастадым. Қаржы, есеп және аудит бағыттарында академиялық және басқарушылық қызметімді жүйелі түрде дамытып келемін. 2010 жылы «Есеп, аудит және статистика» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғап, қаржылық талдау мен бақылау саласындағы ғылыми зерттеулердің іргетасын қаладым. 2010–2014 жылдары «Қаржы» мамандығы бойынша PhD докторантурасында білім алып, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін иелендім. 2019–2025 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып, білім беру бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және кадрлық әлеуетті стратегиялық тұрғыда дамытуға үлес қостым. 2022 жылғы желтоқсанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. 2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор-зерттеуші қызметін атқарып келемін. ESG қаржылық құралдарын Қазақстан Республикасының жасыл экономикасын дамыту жағдайында трансформациялау мәселелеріне арналған ИРН AP19679105 ғылыми жобасының жетекшісімін, сондай-ақ мемлекеттік аудит пен ұлттық ресурстарды басқару саласындағы BR21882352 ғылыми бағдарламасының қатысушысымын. 2024–2025 жылдары «Болашақ» халықаралық бағдарламасы (500 ғалым) аясында АҚШ-тағы George Washington University университетінде «Білім берудегі менеджмент» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өттім. Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері сертификатына және аудитордың біліктілік куәлігіне иемін. Менің ғылыми жетекшілігіммен PhD және DBA докторлық диссертациялары сәтті қорғалды. Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдарда 12-ден астам ғылыми жарияланымның, сондай-ақ ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда 50-ден астам еңбектің авторымын. Hirsch индексі: Scopus — 4, Google Scholar — 5.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қазақ мемл. Басқару Академиясы
Жоғары
1999

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
23.09.2010

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
01.01.2001
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

14

Цитирования
52 по 51

құжаттар

h-индексі

4