Сұлтанова Бақыт Битахановна 1963 жылғы 5 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданының Шиен ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Талғар ауыл шаруашылығы техникумын «Бухгалтер» мамандығы бойынша бітірді, ал 1986 жылы «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын үздік тәмамдады. 1986–1991 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтының «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды. 1991–1997 жылдары аспирантурада білім алды. 2001 жылы 08.00.12 – «Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит» мамандығы бойынша теміржол көлігі кәсіпорындарындағы жалдау қатынастарының есебі мен ішкі аудитіне арналған тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 39 жылды құрайды. Әр жылдары «Алмаз» өндірістік кооперативінде бас бухгалтер, «КФГИК» АҚ-да жетекші маман болып жұмыс істеді. 1998–2003 жылдары М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының «Қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының доценті, 2003–2005 жылдары Алматы экономикалық университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2005 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еңбек етеді: доцент, 2010– 2014 жылдары «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі, қазіргі таңда Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 2007 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. 2013 жылы «International Internal Auditor» халықаралық бағдарламасы бойынша диплом алды. 2019–2021 жылдары факультеттің әдістемелік бюросын, академиялық комитеттерді басқарды, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және аудит бағыттары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларын үйлестірді. 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды. Автордың бухгалтерлік есеп, қаржылық және басқарушылық есеп, салық салу және аудит салалары бойынша 226 баспа табақтан астам ғылыми еңбектері, оның ішінде оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрген.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
ҚазМБА |
Жоғары |
1986 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
24.01.2001 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
доцент |
28.05.2008 |
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
| Мемлекеттік грант "2007 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" |
5
құжаттар
1