Досболаев Мерлан Қылышұлы 1982 жылдың 1 қаңтарында БҚО, Қаратөбе ауданы, Саралжын селосында (қазіргі Мұхит ауылы) дүниеге келген. 1988-1999 жылдары Б. Қаратаев атындағы Саралжын орта мектебінде білім алды. 2000-2005 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін сәтті аяқтап радиофизика және электроника саласындағы инженер мамандығына ие болды. Университет тәмәмдаған сәттен бастап әл-Фараби ат. ҚазҰУ жанындағы эксперименттік және теориялық физика ғылыми зерттеу институтына инженер болып жұмысқа алынып, қазіргі таңда жетекші ғылыми қызметкер міндетін атқарып жүр. 2009 жылы плазма физикасы саласы бойынша «Тұрақты токты солғын разрядтағы плазмалы тозаңды құрылымдардың қасиеттерін экспериментте зерттеу» атты кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2016 жылы қауымдастырылған профессор атағын алған. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері 160-қа тарта ғылыми мақала түрінде жарияланған, оның 71-і Thomson Reuters базасындағы шетел жорналдарында жарық көрген және 12 инновациялық патент алынған. Web of Science базасы бойынша Хиршa Индексі – 13. Әл-Фараби атындағы ғылыммен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері (2015). ЖОО үздік оқытушысы грантының иегері (2015). Дарынды жас ғалымдарға арналған ҚР Мемлекеттік стипендиясының үш мәрте иегері (2008, 2010, 2013). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Үздік жас ғалымы» дипломының иегері (2014). «Ғылым көшбасшысы» тәуелсіз сыйлығының иегері (2016). «Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы» медалінің иегері (2025). Досболаев М.Қ. жетекшілк ететін «Плазма физикасы мен технологиясының таңдамалы сұрақтары» атты үйірмесінің студенттері жасақтаған бірнеше иновациялық жобалар түрлі көрмелерге қатысып жүлделі орындарға ие болған. Досболаев М.Қ. 2008 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінде оқытушылық қызмет атқарады. Бүгінгі таңда осы университеттің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының доценті. Физика-техникалық факультетінің студенттеріне «Электр және магнетизм», «Газдық разряд физикасы», «Плазма физикасы және диагностикасы», «Вакуум физикасы мен техникасы», «Электр машиналары», «Өндірістік және күштік электроника», «Қайта қалпына келетін баламалы энергия көздері» «Жоғары кернеулер техникасы» пәндері бойынша дәріс оқиды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2005 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
23.11.2009 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
16.05.2016 |
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
|---|---|
| Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы |
69
құжаттар
13