Басты бет / Физика-техникалық / Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасы / Садықбек Төлеусерік Әбішұлы

Садықбек Төлеусерік Әбішұлы

плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасы
Scopus author ID: AIPCP22-AR-PSES2021-00014
Жасырылған
       1946 жылы Семей облысы Аягөз қаласында туылған. 1965 жылы Аягөз қаласындағы қазақ орта мектебін бітіріп, Мәскеу электротехникалық институтына түсті. 1970 жылы Ленин атындағы Қазақ Политехникалық институтын "өндірістік мекемелерді және қалаларды электрмен жабдықтау" мамандығы бойынша аяқтап, инженер-электрик квалификациясын алды. 1980 жылы Мәскеу энергетикалық университетің аспирантурасын бітірді, ал 2000 жылы докторлық диссертациясын "электротехникалық құрылымдар, жүйелер және оларды басқару" ғылыми бағыты бойынша қорғады. Еңбек жолын Қарағанды асбоцемизделий зауытында инженер-электрик болып бастады. 1971-1981 жылдар аралығында Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғарғы техникалық оқу орнында ассистент, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1981-1991 жылдары КазСХИ-да кафедра меңгерушісі, 1991-2000 жылдары ҚР-ның Госстандарт жүйесінде жұмыс жасады. Қазіргі уақытта ҚР-ның жоғары білім беру жүйесінде жұмыс жасауда.