Дүзбаева Салтанат Бекболатқызы 26.12.1988 жылы туған, Атырау облысы, Құлсары қаласының тумасы, қазақ. Дүзбаева Салтанат Бекболатқызы 2006–2010 жылдары бакалавриатта, 2010–2012 жылдары ғылыми- педагогикалық бағыттағы магистратурада, 2016–2018 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша докторантурада білім алды. 2023 жылы қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды. 2012 жылы ассистент қызметіне, 2013 жылы оқытушы қызметіне, 2016 жылы аға оқытушы қызметіне, 2019 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доцент м.а. қызметіне қабылданды. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі меңгеруші орынбасары қызметін атқарады. Дүзбаева С.Б. 40-тан астам ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Russian Science Citation Index индекстеріне кіретін Web of Science базасындағы рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланған 4 ғылыми мақаланың және монографияның авторы. h-индексі – 2. Ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді айналыса отырып, Дүзбаева С.Б. AP14872079 «Отбасылық- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша виктимологиялық мәселелер» гранттық жобасының бас ғылыми қызметкері, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында жас ғалым–постдокторанттарға арналған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы болып табылады. Ағылшын тілі деңгейі – Intermediate. 2014 жылдан бастап «Медиатор» студенттік ғылыми клубының жетекшісі. Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының магистранттары мен докторанттарына куратор–эдвайзер болып табылады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
2012

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Бакалавриат

2010

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
28.03.2019

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
01.01.2001
Қызығушылығы