Розе Баишевна Тапалова Гурьев қаласында дүниеге келген. 1961 жылы Алматы қаласындағы №16 орта мектепті күміс медальмен бітірді. 1966 жылы Абай атындағы ҚазПИ физика-математика факультетін бітіргеннен кейін Сот сараптамасы Ғылыми-зерттеу институтына физикалық зерттеу әдістері зертханасына жұмысқа қабылданды. 1972 жылы Бүкілодақтық Сот сараптамасы ҒЗИ жанындағы аспирантураға түсті. Оның ғылыми жетекшісі з.ғ.д. Виталий Степанович Митричев криминалистика және сот сараптамасы саласындағы көрнекті ғалым болды. Аспирантураны бітіргеннен кейін "Электрондық микроскопия әдістерімен заттай дәлелдемелерді криминалистикалық зерттеу" тақырыбы 12.00.09 – қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады, заң ғылымдарының кандидаты дипломын 1978 жылғы 22 наурыздағы №000636 КСРО ЖАК бекітті." 1977 жылы ҚазССҒЗИО-да физикалық зерттеу әдістері бөлімін басқарды. 1980 жылғы 16 қаңтардағы КСРО ЖАК шешімімен Р.Б. Тапалова №016874 СН аға ғылыми қызметкері ғылыми атағы берілді. Р.Б. Тапалованың өмірбаянының келесі кезеңі педагогикалық қызмет болды. 1997-1998 жылдары профессор Е.Г. Жәкішевпен және басқа оқытушылармен бірлесіп Егемен Қазақстан тарихында тұңғыш рет "Құқықтану" мамандығы бойынша МЖМБС әзірледі. 1999-2000жж. "Құқықтану" мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура үшін МЖМБС әзірледі. 2015 жылдан бастап аккредиттеуден сәтті өткен "7М04220 - Криминалистикалық сараптама" және "7М04224 - Сот сараптамасы" білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі және әзірлеушісі болып табылады. Монографиялардың авторы: "Сот сараптамасындағы электронды микроскопия әдістері", "Заң практикасындағы жанжалды мәтінді лингвистикалық зерттеу", "Даулы мәтінді лингвистикалық сараптау" (авт.ұжымы); "Сот сараптамасы" "Криминалистика" оқулықтары (қазақ тіліндегі алғашқы оқулық), "Криминалистиканың теориясы мен практикасы" (4-бөлім) және басқа да оқу құралдары, Криминалистика, Сот сараптамасы бойынша практикумдар. 40-тан астам ғылыми мақалалар жариялады. ҚР сот ісін жүргізудегі криминалистикалық технологиялар", "ҚР Сот сараптама қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері", "Сот сараптамасы және оның заманауи әдіснамалық негіздері" және басқа да пәндерден арнайы курстардан сабақ береді. Жалпы еңбек өтілі-60 жыл.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
ҚазПИ |
Жоғары |
1966 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
22.03.1978 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
КҒҚ |
16.01.1980 |
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
|---|---|
| әл-Фараби атындағы ҚазҰУға сіңірген еңбегі үшін Күміс медалі | 03.02.2025 |
0
құжаттар
0