Избасова Асель Борановна - PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 2004 жылы Қазақ Гуманитарлық заң академиясының заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді, 2004–2006 жылдары ҚазГЗУ-дың заң факультетінің ғылыми-педагогикалық магистратурасында оқыды. 2019 жылы философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды. Избасова Асель Борановна «Лауазымдық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеудің криминалистикалық қамтамасыз етілуі» тақырыбындағы диссертациялық зерттеуі философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылды. Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі – тарихи тәжірибе мен халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғам тарапынан бақылауға алынып, ойластырылған және салмақты саясаттың арқасында едәуір шектелуі мүмкін. Мемлекеттік азаматтық қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігі барлық деңгейдегі шенеуніктердің өкілеттіктерін қатаң құқықтық реттеуді, субъективті шешімдер қабылдау мүмкіндіктерін барынша шектеуді талап етеді. Мемлекеттің ұзақмерзімді, ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты алдын алу әлеуеті кең құқықтық нормалар жиынтығына негізделген әртараптандырылған заңнаманы қажет етеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстарды тергеу әдістемесі мен тактикасының қылмыстық-құқықтық, мемлекеттік- құқықтық, іс жүргізу-құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының лауазымдық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресіндегі құқық қолдану тәжірибесін кешенді зерттеуді талап етті. 30-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік жарияланымдардың, монографияның, оқу құралдарының авторы. Ғылыми қызығушылық саласына қылмыстық құқық мәселелері кіреді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

ҚазГЗУ
Жоғары
2004

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
19.11.2019

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
01.01.2001
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0