Тлепбергенов Орынбасар Нусипалиулы 1997-2001 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде оқыған. Сол жылы қылмыстық құқық және криминология кафедрасының магистратурасына түсіп, 2003 жылы аталған кафедраның қылмыстық құқық және криминалистика мамандануы бойынша магистратурасын үздік бітірді. 2003 жылы «Құқық магистрі» академиялық дәрежесін алды. 2003 жылы заң факультетінің аспирантура бөліміне түсіп, 2010 жылы 1 шілдеде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің біріккен диссертациялық кеңесінде «Қылмыстан сақтандыру – қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2011 жылы 8 мамырында ҚР Білім және Ғылым министрлігі, Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2005- 2010 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы. 2010 жылдан «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасында доцент лауазымын атқаруда. «Қылмыстық құқық», «Қазіргі қылмыстық саясат», «Криминология» пәндерінен дәріс оқиды. 45 - тан астам ғылыми мақала мен «Қазақстан Республикасының қылмыстан сақтандыру саясаты» атты монографияның авторы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2001

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
04.05.2011

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
01.01.2001
Қызығушылығы