Монтанай Эльмира Әзімбайқызы 1991 жылғы 17 қазанда Жамбыл облысы, Кенен Әзірбаев ауылында дүниеге келген. 2010–2014 жылдары Түркия Республикасы, Малатья қаласындағы İnönü Üniversitesi-нің «Түрік тілі және әдебиеті» бөлімінде білім алып, бакалавр дәрежесін алды. 2014–2018 жылдары аталған университетте «Түрік тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. «Б. Соқпақбаевтың “Балалық шаққа саяхат” романын түрік тіліне аудару және романдағы тәрбиелік мәндер» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын «өте жақсы» деген бағаға қорғап, гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесіне ие болды. 2020–2023 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде докторантурада білім алып, «Қазақ және түрік ұлттық киім дискурсын қалыптастырудағы лингвомәдени компоненттер» тақырыбында диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алды. 2018 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда. Ғылыми зерттеу бағыттары: лингвомәдениеттану, дискурс теориясы, ұлттық киім семиотикасы, қазақ-түрік тілдік байланыстары, түрік тілі мен әдебиеті, шығыстану.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Инёню атындағы университет |
Жоғары |
2017 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
PhD докторы |
10.07.2025 |
0
құжаттар
0