Мен, Қайрат Қайполла, 1985 жылғы 24 қаңтарда Қытай Халық Республикасы, Баркөл ауданы, Көлбойы ауылында дүниеге келдім. Ана тілім – қазақ тілі. Сонымен қатар, қытай, түрік, неміс тілдерінде еркін сөйлеймін. Білім алу кезеңдері •1992 жылы қыркүйек айы – Баркөл ауданы, Көлбойы ауылы, Қазыху мектебінің 1-сыныбына қабылдандым. •1998 жылы – аталған оқу орнының 6-сыныбын бітірдім. •1998 жылы қыркүйек айы – Көлбойы ауылының Мұнай ұмыт орталық мектебінің 7-сыныбына қабылданып, 2001 жылы 9-сыныпты тәмамдадым. •2001 жылы қыркүйек айы – Құмыл аймақтық №3 орта мектебінің 10-сыныбына қабылдандым. 2004 жылы 11-сыныпты үздік аяқтадым. •2004 жылы қыркүйек айы – Пекин қаласындағы Орталық ұлттар университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға түстім. 2009 жылы бакалавр дәрежесін үздік бітірдім. Еңбек жолы мен қосымша білім •2008–2009 жж. – Орталық ұлттар университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқытушы болып қызмет атқардым. •2009–2015 жж. – Германияның Берлин еркін университетінде білім алдым. •2012–2013 жж. – Германияның Гумбольдт университетіндегі Орта Азия және Африкатану институтының Қазақстан және Қазақ тілі кафедрасында оқытушы болдым. •2015–2017 жж. – Қазақстанның Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында экономика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алдым. Жұмыс тәжірибесі •2017 жылдың маусым – 2018 жылдың қаңтар аралығы – Шыңжаң ғылым және техника газеті, Үрімжі, ҚХР. Сарапшы, аудармашы және корректор болып қызмет атқардым. •2018 жылдың қаңтар – 2023 жылдың маусым аралығы – Шыңжаң радио-кино-телевизия аударма орталығында аудармашы, сарапшы және редактор лауазымдарын атқардым. Қазіргі қызметі •2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы бойынша Шығыстану мамандығының докторанты. •2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарамын.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қытай халық республикасының орталық ұлттар университеті
Бакалавриат
2009
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0