Сейдулла Жанибек Қанатбекұлы – философия докторы (PhD), жылуфизика, аэродинамика және жел энергетикасы саласындағы оқытушы және зерттеуші. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Түркістан облысында дүниеге келген. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетіне «Ғылыми физика» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2013 жылы бакалавр дәрежесін алды. Сол жылы аталған университетте «Ғылыми физика» мамандығы бойынша магистратурада оқуын жалғастырды. 2015 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жылуфизика және техникалық физика кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарып келеді. 2018 жылы PhD докторантураға түсіп, 2025 жылы «Тік осьті жел энергетикалық қондырғысын іске қосу (страгивание) мәселесінің техникалық-технологиялық шешімі» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Диссертациялық зерттеу тік осьті жел энергетикалық қондырғыларының аэродинамикалық сипаттамаларын сандық және эксперименттік әдістермен зерттеуге арналған. 2024 – 2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» ғылыми жобасының жетекшісі, сондай-ақ гранттық (ГФ) және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) жобалары аясында аға ғылыми қызметкер болып табылады. Ғылыми қызығушылықтары жел энергетикасы, тік осьті жел энергетикалық қондырғыларының аэродинамикасы, ағындарды сандық модельдеу, жылуфизикалық процестер және жаңартылатын энергия көздері салаларын қамтиды. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша 20 ғылыми мақала жарияланған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен жақын шетелдердегі халықаралық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасалған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
10.07.2025
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

9

Цитирования
7 по 6

құжаттар

h-индексі

2