Бекетаева Меруерт Тұрғанбекқызы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ физика-математика факультетін «физика пәнінің мұғалімі» біліктілігімен бакалавр дәрежесі бойынша тәмамдады. 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Физика» мамандығы бойынша магистратураны «Ауамен аралас көп компонентті көмірсутекті газ қоспаларындағы диффузиялық процестерді есептеу» тақырыбы бойынша аяқтады. 2015 жылы «6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша PhD докторантураны бітірді. Докторлық диссертация тақырыбы: «ЖЭС жану камераларында Қазақстанның төменгі сортты көмірлерін жағу үдерістерін үшөлшемді моделдеу». Диссертация «2015 жылдың үздік диссертациялық жұмысы» деп танылды. 2010 жылдан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысып келеді. Ғылыми қызығушылықтары жану камераларындағы жану үдерістерін үшөлшемді моделдеуді, сондай-ақ қазба отындарын ұтымды әрі тиімді пайдалануға және антропогендік әсерді азайтуға бағытталған жылу электр станцияларындағы өнеркәсіптік қазандықтардың ішкі жану үдерістерін оңтайландыруды қамтиды. Чехия Республикасының Прага қаласындағы Чех техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Мемлекеттік ғылыми жобаларға қатысады, халықаралық журналдарда ғылыми мақалаларды рецензиялаумен айналысады. 2019 жылдан бастап мемлекеттік ғылыми жобалар бойынша сараптау комиссиясының мүшесі. Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша 2 монографиясы, 200-ден астам ғылыми еңбегі бар, олардың ішінде 30 мақала Thomson Reuters және Scopus халықаралық ғылыми базаларында индекстелетін, импакт-факторы бар журналдарда жарияланған. 2016–2021 жылдар қорытындысы бойынша SciVal базасы бойынша нормаланған дәйексөздер саны бойынша ТОП-10 тізіміне енген. 2018 жылы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» конкурсының номинанты. 2018–2019 және 2022–2024 жылдар нәтижелері бойынша Қазақстан ЖОО- ларының ТОП-50 үздік оқытушылары қатарына кірді. 2025 жылы «20700 – Энергетика және қоршаған ортаны ұтымды басқару» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Қорқыт Ата атынд.мемл.унив. |
Жоғары |
2008 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
PhD докторы |
15.04.2016 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
22.04.2025 |
26
құжаттар
12