Тайманова Гүлнара Қабжанқызы 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Механика» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек қызметін Қарағанды политехникалық институтының қолданбалы механика кафедрасында стажер-зерттеуші ретінде бастап, кейіннен оқытушы және доцент болып жұмыс істеді. 2002 жылы «Тау-кен машиналары» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Еңбек өтіліне ОАО «Кәсіпорындарды тарату және қайта ұйымдастыру агенттігі» мекемесіндегі қызметі, кәсіпорындарды тарату және сауықтыру үдерістеріне қатысу кіреді; конкурстық басқарушы лицензиясы бар. 2005–2012 жылдары С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың стандарттау және метрология кафедрасында доцент қызметін атқарды. 2009 жылы доцент ғылыми атағы берілді. ҒБМ гранттарына қатысып, ҰБТ/ТЖБ үшін тест тапсырмаларын әзірледі, сапаны басқару бойынша ғылыми мақалалары мен оқу құралдары бар. 2015–2022 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де еңбек етіп, Mevlana және Farabi халықаралық бағдарламаларына қатысты. Оның жетекшілігімен студенттер республикалық пәндік олимпиадалар мен ҒЗЖ байқауларында жүлделі орындарға ие болды. 2022 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жылуфизика және техникалық физика кафедрасында доцент болып жұмыс істейді. Қазақ және орыс тілдерінде дәріс оқиды, дипломдық, магистрлік және докторлік жұмыстарға жетекшілік етеді. Бес патенттің иегері, Scopus және КОКСНВО тізіміндегі басылымдар авторы, халықаралық конференциялар қатысушысы.
4
құжаттар
2