Жанғара Дәдебайұлы еңбек жолын 1968 жылы ауыл мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 1970-1975 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыды.Филология ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994), Қазақстан Жоғары мектебі ҰҒА академигі (2002), Халықаралық жоғары мектеп ҒА (2004), Халықаралық Айтматов академиясының (2003), қазақ Білім академиясының (2006), Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (1990). Әдебиеттану саласындағы маман. Ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметінің негізгі бағыттары: қазақ әдебиеті; әдебиет және тарих; әдебиет және дәстүрлі мәдениет; абайтану; әуезовтану; жазушы еңбегі; аударма және мәдениетаралық қатынастар; пәнаралық зерттеу. Ғылыми-педагогикалық қызметтің негізгі кезеңдері: Қазақ ұлттық университетінің ассистенті, аспиранты, аға оқытушысы, доценті, докторанты (1977-1991), Ы. Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының /қазіргі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы/ директоры (1991-1992), профессор, филология факультетінің деканы (1992-2000), кафедра меңгерушісі (2000-2001), проректор (2001-2008), кафедра меңгерушісі, аталған университеттің Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры (2008-2011). 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының профессоры, әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры. Ол 2001-2008 жылдары Қазақ ұлттық университетінің оқу және әдістемелік жұмысын үйлестірді. Оның басшылығымен университеттің білім беру қызметінің сапа менеджменті жүйесі жасаллды және өндіріске енгізілді, ол сапаны басқарудың тиімді әдісі ретінде бүкіл білім беру процесін жаңғыртудың, кадрлар даярлаудың өмірлік циклінің сапасын үнемі жақсартудың қуатты тетігі болды. Осы жетістіктері үшін университет Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында бірінші болып республика Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты (2006), ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы конкурстың дипломанты (2008) атанды. Ж. Дәдебаев "Абай ілімі" жаңа оқу пәнінің оқу-әдістемелік кешенін әзірледі, ол 2021-2022 оқу жылында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының ЖОО компоненті ретінде оқу процесіне енгізілді. Ж. Дәдебаев - 800-ден астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 40-тан астам кітаптың, 20 монографияның авторы. Отызға жуық ғылым докторлары мен кандидаттарын, PhD докторларын даярлады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1975 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Доктор |
20.11.1992 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
профессор |
24.06.1994 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Ы.Алтынсарин төсбелгісі | 16.12.2009 |
"еңбек ері" медалі | |
"Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл" | |
"Құрмет" ордені |
1
құжаттар
1