Сейденова Сауле Дүсуповна, 1966 ж.т., ҚазМемҚызПИ- нің филология факультетінің орыс тілі және әдебиеті мамандығының түлегі (1983-1988), Абылай хан ат. ҚазХҚжӘТУ-дың «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша (2014-2017), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспиранты (2003- 2005), филология ғылымдарының кандидаты (2006, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, 10.01.02 – қазақ әдебиеті), доцент (2011, ҚР БҒМ ККСОН, әдебиеттану) жалпы педагогикалық өтілі — 35 жыл. Ғылыми-педагогикалық қызметін Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатында бастады (1988-1995), 1995-2005 жж. Алматы қаласының №36 лингвистикалық гимназиясында мұғалім, оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, 2005-2013 жж. Алматы технологиялық университетінде шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, доценті. 2013ж. бастап әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доценті қызметін атқарып келеді. 2015- 2017 жж. гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаның жауапты орындаушысы. Жоба аты — «Әлемдік мәдениетаралық кеңістіктегі қазақ аударматануының заманауи мәселелері: интеллектуалдық әлеуеті мен даму болашағы». Факультетте 2021 жылдан бастап Оқу және оқыту сапасы жөніндегі академиялық комитеттің төрағасы, СМК жауаптысы (2017-2019). 2022 жылы оның ғылыми жетекшілігімен «Аударма ісі» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғалды. Кафедрада 2013 ж. бастап СМЖ жауаптысы, 2016 ж. бастап «Аударма ісі» оқу бағдарламасын аккредиттеу құжаттарын дайындау бойынша жауапты қызметтерін атқаруда. МЕК мүшесі (магистратура, докторантура). Қазақ тілінен орыс тіліне аудармалар жасайды (ғылыми мақалалар). «8D02302-Аударма ісі (батыс тілдері)» докторантура паспортын, «7M02316- Синхронды аударма (батыс тілдері)» магистратура бағдарламаларының авторы. «Аударма ісі», «Шетел филологиясы» оқу бағдарламаларының пәндері бойынша бакалавриат, магистратура және докторантурада, Флагман ХБның шетел студенттеріне «Аударма теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша ағылшын тілінде сабақтар жүргізеді (2018-2021). Орыс тілінен тест тапсырмаларының авторы (ҰБТ тест тапсырмаларын дайындау бойынша НЦГСОТ, 2004 ж.). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Типтік оқу бағдарламаларының авторы (2013). Шетел тілі сарапшысы (ағылшын тілі) (2018 ж.). 3 монографияның, 14 оқу құралының, 100-ден астам мақаланың, Scopus деректер қоры журналындағы 2 мақаланың авторы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
ҚазХҚӘтУ |
2 -ші жоғары |
2017 |
ҚазМемҚызПИ |
Жоғары |
1988 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
28.03.2007 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
31.03.2011 |
2
құжаттар
0