Әнуар Сауатұлы Тарақов 1956 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Шалкөде ауылында туған. 1980 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетін бітірген. 1980-90 жылдары республикалық «Жас алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде тілші, аға тілші, жауапты хатшы орынбасары қызметін атқарған. 1990- 1992 жылдары республикалық «Парасат» журналында бөлім редакторы, 1992-2000 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде бөлім меңгерушісі, 2000-2002 жылдары халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің жауапты хатшысы болды. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, М.Дулатов атындағы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ақын,аудармашы 2002 жылдан бері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультеті, әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасының дәріс беруші профессоры. Ә.Тарақов 1998 жылы «Өлең - толғаулар, аңыз- әңгімелер тарихи жыр - дастандардағы Абылай хан тұлғасы» тақырыбында 10.01.02 қазақ әдебиеті мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ол 2006 жылы «Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы (Абылай хан бейнесінің көркемдік тағылымы)» атты докторлық диссертация қорғады. «Алаштың айбын-ардағы – Абылай хан» әдеби-тарихи монография (Алматы. «Қазақстан»-2003), «Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы (Абылай хан бейнесінің көркемдік тағылымы)» монографиясы (Алматы. «Қазақ университеті»-2004) және «Аударма психологиясы мен мәдениеті» (Алматы. «Қазақ университеті» - 2005), «Аударма әлемі» (Алматы. «Қазақ университеті» -2007), «Ауызша аударма» (Алматы. «Қазақ университеті» -2009), «Аудармашының кәсіби қызметінің негіздері» (Алматы, Қазақ университеті,2011) оқу құралдарының авторы. Екі поэзиялық жинағы бар. Маджед бен Абдел Әзиз Ат-Түркидің «Қазақстандағы билік нұры. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – Алматы; Қазақ университеті, 2010- 110б кітабын аударды. Студенттер мен магистранттардың ph докторанттардың ғылыми және шығармашылық жұмысына жетекшілік жасайды. Қазақ әдебиеті, әдебиеттану, фольклор, әдебиет сыны, аударма, журналистика, өнер мәселелеріне қатысты 200-ден астам зерттеу мақалалары бар. Публицистикалық және көркем аудармамен айналысады. «Әлем әдебиеті және көркем аударма» пәні бойынша типтік бағдарламаның авторы. «Абай институтының хабаршысы» журналының редалқа мүшесі. Бірнеше оқытылатын пәндердің негізгі оқу бағдарламасын жасады. Факультеттегі әдебиеттану секциясының төрағасы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
ҚазПИ |
Жоғары |
1980 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
02.11.1998 |
|
Доктор |
06.02.2007 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
27.11.2008 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Стилистика және аударма |
CРСП |
|
Стилистика және аударма |
емтихан сурактары |
|
Стилистика және аударма |
Карта обеспеченность Ауд зам тенден |
|
Стилистика және аударма |
лекция |
|
Аударма туындыларын әдеби редакциялау |
Лекция |
|
Аударма туындыларын әдеби редакциялау |
Карта обеспеченность Ауд зам тенден |
|
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар I) |
Лекция |
|
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар I) |
СРС |
|
Педагогикалық |
Силлабус |
|
Стилистика және аударма |
СРС |
|
Стилистика және аударма |
СРС |
|
Аударма мәтіндерін талдаудың жүйелік іәдістері |
мидтерм сұрақтары |
|
Поэзиялық аударма |
Семинар тақырыптары |
|
Аударматанудағы заманауи тенденциялар |
Сил Аударматанудын заманауи тенденциясы |
|
Аударматанудағы заманауи тенденциялар |
Семинар тақырыптары |
|
Аударма әлемі
"Қазақуниверситеті" 2011 - г. 332 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Аудармашының кәсіби қызметінің негіздері
"Қазақуниверситеті" 2011 - г. 120 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Аударма ісінің негіздері және стилистика
"Қазақуниверситеті" 2011 - г. 37 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Афиногеновтың "Қорқыныш" пьесасы-М.Әуезов аудармасында
Бийиктик 2011 - г. 20 - стр. ҚЫРГЫЗСТАН
Жастар тәрбиесі және дәстүр сабақтастығы
" Қазақ университеті " 2014 - г. 136 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Бисенбаев П.К., Карбозов Е.К., Мұсалы Л.Ж., Дадебаев Ж..
Абайтану. Таңдамалы еңбектер. Том І
" Қазақ университеті " 2015 - г. ISBN 978-601-04-1282 18 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Бисенбаев П.К., Карбозов Е.К., Мұсалы Л.Ж., Дадебаев Ж..
Абайтану. Таңдамалы еңбектер. Том ІІІ.
" Қазақ университеті " 2015 - г. ISBN 978-601-04-1284 18 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Жаксылыков А.Ж., Есембеков Т.У., Дадебаев Ж..
Lssves of Literary Translation and Intercultural Communication. Monographic publication
Братислава 2015 - г. ISBN 978-80-971536-4-9 12 - стр. ВЕНГРИЯ
Аударманың теориялық және прагматикалық мәселелері
" Қазақ университеті " 2016 - г. ISBN 978-60104-1628-4 153 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Сейтжанов З.Н., Дадебаев Ж..
Абайтану. Таңдамалы еңбектер. IX том. 2016-2017
" Қазақ университеті " 2016 - г. ISBN 978-601-04-1717-5 18 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Бисенбаев П.К., Карбозов Е.К., Мұсалы Л.Ж., Дадебаев Ж..
Абайтану. Таңдамалы еңбектер. II том
" Қазақ университеті " 2015 - г. ISBN 978-601-04-1283-5 16 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Бисенбаев П.К., Карбозов Е.К., Мұсалы Л.Ж., Дадебаев Ж..
Абайтану. Таңдамалы еңбектер. IV том
" Қазақ университеті " 2015 - г. ISBN 978-601-04-1285-9 17 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Есембеков Т.У., Дадебаев Ж..
Аударматанудың заманауи мәселелері.2016-17
" Қазақ университеті " 2016 - г. ISBN 978-601-04-2081-6 13 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Дадебаев Ж.., Азимбаева И.К.
Абайтану. Таңдамалы еңбектер. ХҮІ том.2016-2017
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-1617-8 (о 19 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Есембеков Т.У., Мұсалы Л.Ж., Айтмұханбетова А.С., Жапарова А.Ж., Сейденова С.Д.
Аударматану терминдерінің сөздігі
" Қазақ университеті " 2016 - г. ISBN 978-601-04-2081-6 6 - стр. ҚАЗАҚСТАН
0
құжаттар
0