Бошқаев Қуантай Авғазыұлы – теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры, 1981 жылдың 4 желтоқсанында Алматы облысында дүниеге келген. 1999–2004 жылдар аралығында әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетінде оқып, «физик, физика пәнінің мұғалімі, ағылшын тілінен референт-аудармашы» біліктілігін алып шықты. 2004–2006 жылдары ҚазҰУ-дың магистратурасында оқып, «физика магистрі» академиялық дәрежесі мен біліктілігін алды. 2006–2009 жылдары ҚазҰУ-дың докторантурасында оқып, «Теориялық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды. 2009–2012 жылдары Римдегі Сапиенца университетінің (Италия) физика факультетінде оқып, «Релятивистік астрофизика» мамандығы бойынша PhD дәрежесін қорғады. Бірінші докторлық диссертациясы ҚР ҰҒА академиктері Т.А. Қожамқұлов пен М.М. Әбділдиннің жетекшілігімен «U және S0 бойынша бейсызық мүшелерді ескеретін айналмалы сұйық шар метрикасы» тақырыбында жазылып, 2009 жылдың 17 маусымында қорғалды. Екінші докторлық диссертациясы профессор Р. Руффинидің жетекшілігімен «Жалпы салыстырмалық теориядағы айналмалы ақ ергежейлілер мен нейтрондық жұлдыздар» тақырыбында жазылып, 2012 жылдың 30 қарашасында (Рим, Италия) сәтті қорғалды. Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ЭТФ ҒЗИ мен АТҰНЗ-да лаборанттан бас ғылыми қызметкерге дейінгі жолдан өтті. Теориялық және ядролық физика кафедрасында ассистенттен профессорға дейінгі барлық академиялық сатылардан өтті. Ғылыми қызығушылықтары: жалпы салыстырмалық теориясы, аспан механикасы, релятивистік астрофизика, ықшам объектілер физикасы, Эйнштейн теңдеулерінің жуық және дәл шешімдері, қараңғы материя, қараңғы энергия және космология. Ол Италия, Франция, Германия, Швеция, Хорватия, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Беларусь, Ресей, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Куба, Француз Полинезиясы және басқа да елдерде өткен халықаралық ғылыми конференцияларға белсенді қатысады. 80-нен астам ғылыми мақаланың, оның ішінде 50-ден астамы жоғары импакт-факторлы журналдарда жарияланған. Сонымен қатар, Neutron Stars, Physics, Properties and Dynamics атты монографиясы және қазақ тілінде екі оқу құралы: «Салыстырмалық теориясының мағынасы» және «Жалпы физика курсы бойынша есеп шығару үлгілері мен есептер жинағы» жарық көрген. Оқытатын пәндері: «Салыстырмалық теория», «Теориялық физикадағы сандық әдістер», «Релятивистік астрофизика», «ЖСТ-дегі қозғалыс мәселесі» және тағы басқалар.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2004

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
15.07.2014

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
08.02.2016
профессор
02.02.2022
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

64

Цитирования
758 по 441

құжаттар

h-индексі

17