Д.К. Мамытқанов 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия-экономика факультетін бітірген. Мамандығы – әлеуметтанушы. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2003 жылы үздік бағамен бітірді. 1996-1998 жылдары Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімдігінің бағалы қағаздар басқармасының маманы болып жұмыс істеді. 1998-1999 жылдары Алматы облысы Міндетті медициналық сақтандыру қорының экономика, статистика және мониторинг бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2000- 2001 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында халықаралық қатынастар бөлімінде жетекші маман болып жұмыс істеді.2001 -2003 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы болды. 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарады. Мамытқанов Д.Қ. 2010 жылы 2 шілдеде 22.00.04 мамандығы бойынша «Тұлғаның ақпараттық мәдениетін социологиялық зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. - Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және процестер. Ғылыми жарияланымдар саны: 50-ден астам жарияланымдар, оның ішінде төрт халықаралық басылымдарда және төрт бірлескен авторлық құқықта оқулық құралдары шығарылды. Жалпы еңбек өтілі: 39 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі: 31 жыл. Оқытылатын негізгі пәндер: «Әлеуметтік жұмыстағы менеджмент», «Мамандыққа кіріспе», «Тұлға әлеуметтануы», «Халықаралық қатынастар әлеуметтануы», «Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы», «Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтануы», «Дін әлеуметтануы», «Отбасы әлеуметтануы», «Қоғамдық пікір әлеуметтануы» және әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс бағытта кәсіби курстардан дәрістер оқиды. Д.К. Мамытқанов халықаралық, ғылыми, республикалық конференцияларға белсенді қатысады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1996 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
25.12.2010 |
3
құжаттар
2