1976 ж. 22 наурызда Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1992 ж. Алматы қ. қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын №2 Республикалық мектеп- интернатын алтын медальмен бітірген. 1996 ж. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ шығыстану факультетін үздік дипломмен бітіріп, «Шығыстанушы-филолог, орта оқу орындарындағы араб тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы» біліктілігі бойынша бакалавр, 1998 ж. магистратураны үздік дипломмен аяқтап, «Елтану, шығыс филологиясы» біліктілігі бойынша филология магистрі дәрежесіне ие болған. 2017-2019 жж. Қ. Жұбанов ат. АӨМУ-де «Шетел филологиясы», 2020-2022 жж. «Құқықтану» мамандықтары бойынша оқып, бакалавр дәрежесіне ие болған. 2009 ж. «Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы: жанр және поэтика мәселелері» тақырыбы бойынша диссертация қорғап, «10.01.02 – Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне, 2018 ж. «Әдебиеттану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағына, 2015 ж. «ЖОО үздік оқытушысы – 2015» атағына ие болған. Еңбек жолын 1996 ж. Алматы қ. №138 қазақ өнер лицейінде араб тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1998 жылдан бастап Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-де оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, филология факультеті деканының орынбасары (2002-2003), қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (2015-2018), Ғылыми кеңестің бас ғылыми хатшысы (2018-2022), Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы (2020-2021) қызметтерін атқарған. 2022-2023 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Әл-Фараби орталығының аға ғылыми қызметкері, 2023 жылдан бері философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті, профессоры м.а., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасайды. Ғылыми-әдістемелік еңбектерінің жалпы саны – 220, оның ішінде «Ілияс Есенберлиннің тарихи романдары: шеберлік пен көркемдік» (монография, 2015), «Қазақ әдебиетіндегі тарихи проза» (оқу құралы, 2016, 2018), «Түркі ғұламаларының тағылымдық мұрасы» (антология, авторлық бірлестікте, 2024), «Әл- Фараби мұрасы: тіл философиясы мен философия тілі» (ұжымдық монография, 2024), «Әл-Фарабидің философиялық терминдер сөздігі: арабша-қазақша- орысша» (2025) бар. ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Алғыс хаттарымен (2019, 2022), ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен (2020), ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хатымен (2021), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен (2021) марапатталған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе мемл.универcитеті
Жоғары
2022

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
23.09.2010

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
29.01.2018
Қызығушылығы