Бишманов Какимжан Мұратжанович — 1958 жылы туған, ұлты қазақ. 1980 жылы Алматы Энергетика институтын, 1998 жылы ҚР ІІМ Академиясының адъюнктурасын, 2001 жылы АҚШ-тың Луизиана штатындағы Полиция академиясын (антитеррор бағыты бойынша), сондай-ақ 2003 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған. 2001 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 2003 жылы доцент ғылыми атағы берілді, ал 2010 жылы профессор ғылыми атағына ие болды. 2010 жылдан бастап Халықаралық ақпараттандыру академиясының (MAIN) академигі. 2018 жылдан бері ҚР ІІМ Академиясының диссертациялық кеңесінің мүшесі. Ғылыми жетекшілік қызметі аясында PhD дәрежесін алған 3 докторанттың диссертациялары қорғалды. Қазақ (ана тілі) және орыс тілдерін еркін меңгерген; неміс және түрік тілдерін сөздік көмегімен, француз тілін В2 (орта) деңгейінде меңгерген. К.М. Бишманов– Алматы қаласы бойынша «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің мүшесі; сондай-ақ Алматы қаласы әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі, ҚР терроризм мен экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының қоғамдық қорының президенті. Сонымен қатар Алматы қаласындағы «Діни бірлестіктер басшылары клубының» жетекшісі. 140 тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 18-і монографиялық, оқу-құралдары, оның ішінде «Лицензионно- разрешительная система РК», «Финансовое право РК», «Управление органами внутренних дел в особых условиях», «Справочник участкового инспектора полиции» және т.б. оқулықтары. Сонымен қатар 7 авторлық куәлік иегері. 100-ден астам марапаттың иегері, соның ішінде: «КСРО ІІМ-де өте жақсы қызметі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісімен, ҚР ІІМ, ІІМ академиясының грамоталарымен, «өте жақсы қызметі үшін» І, ІІ және ІІІ дәрежелі төсбелгісімен, «ІІМ ардагері» төсбелгісімен, «Элита» төсбелгісімен, Панфилов дивизиясының 75 жылдығына арналған төсбелгісімен, «Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы С.К. Нұрмағамбетов» атындағы мерейтойлық төсбелгісімен, А. Байтұрсынұлының алтын төсбелгісімен, Астана және Қазақстан митрополитінің «Алғыс» төсбелгісімен, сондай-ақ РФ «Ғылымға қосқан үлесі үшін» орденімен марапаталған. 2014 жылдың желтоқсанында «ӨРЛЕУ» жүлдесінің «Ең үздік әлеуметтік серіктес» номинациясы бойынша лауреаты. ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлықтарымен, «Тәуелсіздікке 25 жыл» мерейтойлық медалімен, «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Д.А.Қонаев атынд. Гум.инст. |
Жоғары |
2003 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
07.09.2001 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
доцент |
21.02.2003 |
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
| Медаль "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" |
5
құжаттар
2