Өмірбаян Мен, Тунгатова Улжан Асқарбайевна, 1982 жылдың 20 қарашасында Алматы облысы, Жоламан ауылында дүниеге келдім. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия факультетіне оқуға түсіп, 2003 жылы бакалавр дәрежесін алдым. 2005 жылы аталған университеттің магистратурасын тәмамдадым. 2017–2020 жылдары докторантурада білім алып, 2023 жылы философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғадым. Еңбек жолымды 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және ғылым методологиясы кафедрасында бастадым. Кейін университеттің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде маман, аға маман, кафедра ассистенті, оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқардым. 2024 жылдан бастап «Жас Ғалым» жобасының (AP22685041) жетекшісі ретінде қызмет атқарып келемін. Жоба тақырыбы – «Орта және орта арнаулы білім беру ұйымдарында төзімділікті қалыптастырудағы дінтану білімінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері». Орыс тілін еркін меңгергенмін, ағылшын тілін сөздікпен пайдаланамын. Отбасылы, үш баланың анасымын.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2003 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
PhD докторы |
14.09.2023 |
0
құжаттар
0