Сақыпбек Мереке Аманжолқызы — аға оқытушы, туризм саласындағы тұрақты даму, экотуризм және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туристік қызметті басқару мәселелері бойынша зерттеуші. Ол Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 13 жылдан астам оқытушылық, ғылыми-зерттеу және аналитикалық қызмет атқарып келеді. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлегі, Туризм мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежелерін алған. Ғылыми зерттеулері ұлттық парктер аумағында туризмнің тұрақты дамуы, рекреациялық жүктемені бағалау, туристік сыйымдылық және антропогендік әсерді азайту мәселелеріне арналған. Мереке Аманжолқызы мемлекеттік ғылыми жобаларға қатысып, ұлттық парктер мен туристік- рекреациялық аумақтарды тұрақты басқару бойынша зерттеулер жүргізген. Ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметінде пәнаралық және тәжірибеге бағытталған тәсілді ұстанады, студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға ерекше мән береді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2009
Қызығушылығы