Көшкімбаева Үміт Төлеуқызы 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті география факультетінің «Туризм» мамандығын бітірген. 2002 жылы ҚазҰУ-де туризм кафедрасында 1-ші дәрежелі маманы болып жұмыс істеді. 2003 жылдан 2010 жылға дейін аға оқытушы болып жұмыс істейді. Ғылыми - педагогикалық жұмыс өтілі- 19 жыл. 2010 жылдың желтоқсан айында 25.00.24 – экономикалық, әлеуметтік және саяси география мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады. Жұмыстың тақырыбы «Туризм арқылы ауылдық аймақтарды белсендендіру жолдары (Оңтүстік Қазақстан мысалында)». Диссертациялық жұмыс Қазақстан үшін жаңа түрі – агротуризм және оның бір түрі – энотуризмді зерттеуде теориялық-әдістемелік және әдістемелік әдістермен талдауға арналған. Көшкімбаева Үміттің Алматы, Орал, Мәскеу, Пермь, Тверь, Мюнхен және т.б. қалаларында 54 ғылыми мақаласы басылып шығарылған. "Туризм инфрақұрылымы" оқу құралы, "Қазақстан туризмі", "Агротуризм" монографиялары басылып шағарылды. Көшкімбаева Ү.Т. «Агротуризм», «Туристік кәсіпорында қызметкерлерді басқару», «Мұражайтану», «Туризмдегі стандарттау, сертификаттау», "Туризмдегі статистика", "Туристік қызметтердің сапасын басқару", "Діни туризм" пәндері бойынша қазақ тілінде дәріс оқиды, сонымен қатар оқу жоспарындағы басқа да пәндер бойынша практикалық және семинарлық сабақтарды жүргізеді. Кафедра көлемінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының, курстық, дипломдық, магистрлік жұмыстарының жетекшісі болып табылады. 4- ші курстың эдвайзері. Көшкімбаева Ү.Т. университет және факультеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, ұжымында сыйлы және өз ісіне мол жауапкершілікпен қарайды, өзін жоғары білікті оқытушы ретінде көрсете білді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2002 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
25.10.2011 |
Ердавлетов С.Р., Артемьев А.М., Абишева З.М., Уварова А.К., Абдреева Ш.Т., Актымбаева А.С., Алиева Ж.Н., Жумадилов А.Р., Шәкен А.Ш., Жилкибаева М.И., Аблеева А.Г., Бейсембинова А.С., Жакупова А.А.
Қазақстан туризмі
Алматы, Бастау 2015 - г. ISBN 978-601-281-162-9 34 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Ердавлетов С.Р., Артемьев А.М., Абишева З.М., Уварова А.К., Абдреева Ш.Т., Актымбаева А.С., Алиева Ж.Н., Жумадилов А.Р., Шәкен А.Ш., Жилкибаева М.И., Аблеева А.Г., Бейсембинова А.С., Жакупова А.А.
Алматы, Бастау 2015 - г. ISBN 978-601-281-163-6 29 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Ердавлетов С.Р., Артемьев А.М., Абишева З.М., Уварова А.К., Абдреева Ш.Т., Актымбаева А.С., Алиева Ж.Н., Жумадилов А.Р., Шәкен А.Ш., Жилкибаева М.И., Аблеева А.Г., Бейсембинова А.С., Жакупова А.А.
Туризм Казахстана
Алматы, Бастау 2015 - г. ISBN 978-601-281-142-1 520 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Искакова К.А., Артемьев А.М., Абдреева Ш.Т., Актымбаева А.С., Алиева Ж.Н., Молдагалиева А.Е., Бейсембинова А.С., Жакупова А.А., Плохих Р.В.
«Агротуризм»
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2917 10 - стр. ҚАЗАҚСТАН
3
құжаттар
3